қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті студенттер және магистранттар!

жүктеу

Сіздерді 2015 жылы 9 сәуірде «Сырдария» университетінде Қазақстан Рспубликасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Жас ғалымдардың Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуындағы орны» атты студенттер мен магистранттардың сырттай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары және секциялары:

  • гуманитарлық ғылымдар;
  • жаратылыстану ғылымдары;
  • педагогикалық ғылымдар;
  • техникалық ғылымдар;
  • құқықтану және экономикалық ғылымдар.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін конференция құжаттары жиынтығының қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру керек немесе Sirdariya-konf@mail.ru электрондық адресі бойынша жіберу қажет.
Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

  • конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (форма қосымша берілген);
  • төменде берілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала (көлемі 5 беттен аспауы тиіс);
  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек (құжат сканерленіп, pdf форматында электрондық поштамен жіберіледі).
  • Ұйымдастыру жарнасы

Конференция жұмысына қатысу үшін, қатысушы ұйымдастыру жарнасын төлеуі тиіс. Ұйымдастыру жарнасына конференция материалдарын басып шығару құны кіреді. Ұйымдастыру жарнасының (жинақтың бір данасының) сомасы 2000 (екі мың) теңгені құрайды. Баяндамалар ғылыми жинақ түрінде басылып шығады.

Материалдарды жолдайтын мекенжай: 160500, Қазақстан Республикасы, Жетісай қ., М. Әуезов көшесі, 11-үй, «Сырдария» университетінің бас ғимараты 3-қабат, 301-кабинет. Анықтама телефоны 8/725/ 34 6-15-52

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

  • - көлемі 5 беттен аспайтын қолжазба мәтіні Microsoft Word редакциясында келесі талаптарға сай теріледі
  • - Times New Roman қаріп өлшемі – 14, жаңа жол бойынша шегініс-1,0
  • - Жоларалық қашықтық – 1;
  • - Өріс: сол жағы – 25 мм, қалған жақтары – 20 мм.
  • - Бет нөмірі көрсетілмейді;
  • - Сілтеме тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі. [1, 256 - б.].
  • - Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.

Баяндаманың рәсімделу үлгісі
БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


С.Р. Абылаев
«Сырдария» университеті, тарих мамандығының 2-курс студенті

Мәтін....

Тегі, аты, әкесінің аты

 

ЖОО атауы

 

Мамандығы, курсы

 

Мекенжай

 

E-mail

 

Байланыс телефонының номері

 

Ғылыми бағыт атауы

 

Баяндама атауы

 

Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін (2015 жылғы 1 сәуір) жіберілген мақалаларды қабылдамауға құқылы.
«Сырдария» университетінің реквизиттері
РНН 580400006905
р/с KZ749260801123056005
ИИН 980340002287
Код 17
БИК: KZKOKZKX
АО «Казкоммерцбанк»
Мекен жай: Жетісай қ., Әуезов к., 11

Ұйымдастыру комитеті

Басқа жаңалықтар