қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
Біздің ғалымдар. 7сыр, №01 (291) 09.01.2015 жыл, 5-ші бет

Туған топырақ тарихы толғантады

Мақтаарал ауданы жөнінде сөз қозғар болсақ, ең алдымен оның тарихы өте бай екендігі ең алдымен тілге тиек етіледі. Осынау өңірге тым ерте кезден-ақ қызығушылар аз болмаған. Мырзашөл деген атауының өзі сайын даланың жомарт, мырза екендігін аңғартады. Ол рас.

Көктемнің бастау алар сәті де осынау өңірден болатындығы жасырын емес. Иен дала төсінде бүгінде елді мекендер өте тығыз орналасқан. Елсіз мекендер тым аз-ақ. Соған қарамастан Мырзашөлдің топырағы жыл он екі айдың ақпаны бітер-бітпес-ақ жасыл реңге бөлене бастайды. Көктем адам баласының өмір сүруге деген құштарлығын арттырады.

Еліміздің ең қиыр Оңтүстігіндегі Мақтаарал ауданының наурыз айы басталар-басталмас тұстағы жап-жасыл көріністерін, жол жағалауындағы сарғалақ, қызғалдақ гүлдерін қалта телефондары мен планшеттеріне түсіріп, бораны бәсеңси қоймаған ару Астанадағы таныс-білістері мен досжарандарына, жекжат-туыстарына, туған-білістері мен бауырларына жөнелтіп жатады. Қарашы, қарасаңшы бұл өңерді. Көкпеңбек-ау, көкпеңбек. Ал сендерде әлі де қасқы кіимді киінген, бұтақтары көгерменген жалаңаш ағаштар көріністері. Солай ғой, ә!? – деп таңданыстарын шаттықпен ұластарғандар саны жиірек байқалады. Бұл өңер осындай. Әрі бұл өңірде ыстық та болады. Тіпті, аптап ыстығы тандыр пештің ішіндей лаулап жанып тұратынын айтсаңшы. Десек те, бұл өңірді қимай, қайта бауыр басып, одан бір елі ажырамай, тағдыр-талайын осы жермен етене байланыстырған жандар да көптер саналады.

Рас, тіршілік қамымен, өзге де тірліктерге орый, басқа жаққа қоныс аударушылар саны да аз емес. Жаңа ғимараттар тұрғызып, еңселі үйлер салып жатқандар да қаншама. Өйткені олар бұл өмірде тұрақтап қалуға ниет етеді.

Бір сөзбен айтқанда, осынау топырақ құнарлы әрі нәрлі.
Мақала кейіпкері Мырзабай Балтабайулы Мейірбеков те осы топырақтың түлегі. Жоғары оқу орнын тәмамдап, өзі тыныс-тіршілік еткен ауданға қызмет етуге келді. Бұны бүгінгі тілмен айтқада, патриоттық сезім деп айтасыз ба, әлде басқалай ма, әріне, ол өз еркіңізде. Қалай болған да алған мамандыққа сай жас буынға сапалы білім беруде Мырзабай адал еңбек, таза тер төгіп жүр десек, дұрысы сол деп ойлаймыз.

Осынау жас маман әу бастан-ақ “Сырдария” университетіне жұмысқа орналасқанда өзінің тарихшы мамандығына сай болу керектігі жөніндегі ұғымға сай іс-әрекет, білік пен білім таныту қажеттігін талап деңгейінде түсінді әрі түйсінді де.

Олай дейтініміз, жас маман ең алдымен студент қауымды өз мамандығына қазықтыруға деп қойды. Тарихымыздың бай деректері мен сан қатпарлы оқиғаларын төл тілімізде жайып салып, ізденімпаздық танытты. Бұндай қасиет оның бойында әлі де бар. Қарапайымдылық та аңғарылады мінезінде. Тіпті, тым қарапайым да болып көрінетін болмысы бүгінгі айбыны асқақтау ауқытқа, шекесі шіренген шаққа, қатқылдау кезеңге томпақтау келетіні де бар. Асқақ та астамшыл мінезді бүгінгі заман адам баласының осынау аса қажетті момын бейнесін кейкейдемойында бермейтіндігі де рас-ақ.

Жоғарыда атап айтқанымыздай, туған жердің тарихын зерттеуде университет тарихшылар ілкімді қадамдар жасауда. Бұны біз, әсіресе, Сырдария өзені бойында орналасқан көне замандардағы, дәлірек айтсақ, орта ғасырлардағы Үтірлі қаласының орнына археологиялық қазбаларды жүргізу үдерісінен түйсіндік.

Университеннің “Отан және шетел тарихы” кафедрасы бүгінде ортағасырлық Үтірлі (кейде Ұтырлы деп айтады) қаласын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізіп те жіберді. Бір ерекшелігі осы аудандағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 шақырым жердегі солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағалауынан оңтүстікте орналасқан, сол жерден 2 шақырым жердегі Сорөзектіңжағалауындағы осынау шаһарды Қазақстан археологтары бұрын-соңды зерттеу объектісіне айналдырмаған.

Оған бірқатар себептер арқау болған. Ең басты себебі, бұған кеңестік жуйе кезіндегі әкімшілдік-әміршілдік басқару үдерісі дер едік. Себебі, 1963-1971 жалдары Мырзашөл өңіріндегі Қазақстанның бір бөлігі, яғни қазіргі Мақтаарал ауданы Өзбекстанға қарағандықтан деп айтуымызға болады. Сөйтіп, бұл қала аумағы ХХ ғасырдың 60-жылдары Шардарада археологиялық экспедиция жүзеге асырған зерттеу аясынан тыс қалған. Ал бұның салдары аз болған жоқ. Атпа айтқанда, Қазақ совет энциклопедиясында, Археологическая карта Қазахстана және басқа да іргелі басылымдарда Үтірлі қаласы хақында бірер сөз де ауызға мүлдем алынбаған.

- Мінеки, осы қалаға біздің кафедраның Сәбира Апашева бастаған профессор-оқытушылары мен тарих мамандығының студенттері 2004,2009,2010,2014, жылдары “Археолог” халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтың Жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижелер ойдағыдай болды.

Үтірлі қаласы әлі де өз сырын ішіне жасырып жатқандығы мәлім. Бұл-қандай қала? Қазірде ғой, айдалада жатыр. Төңірегінде қайнаған тіршілік жоқ. Бұған не себеп? Кезінде қала атанып, тірліктің тайқазанын тасқындата қайнатқан шаһар неліктен төбе үйілген топырақтың астында қалды? Неге сол шаһардан қарақұм халық үдере көшті? Әлде түгелдей жойылып кетті ме? Не үшін осынау құпия болған жәйт ұрпақтар жадынан біржолата өшірілді? Мүмкін әдейі өшіртті ме? Сұрақтарды одан әрі қарай тізбектеуге де болады.

Бірақ не қажеті бар. Жауаптар жоққа тән. Мінеки осынау бүгінгі адам баласын толғандырар сұрақтарға жауап іздеу қажет. Табу керек. Бүгінгі ұрпақ үшін. Өзінің өткенін тану мақсатымен. Сонда ғана бүгінгі жас өскін кемел болып өседі. Мәңгүрттенбейды. Тектілігін сақтап қалады.

Демек, тәуелсіз ел тарихшылары үшін туған елдің тарихын жандандыруда, өткенін жаңғыртуда жүзеге асырар ізденістер, жүмыстар шаш етектен. Тек көбірек сергек іс-қимылдар керек. Азьірақ шаоандылық таныту қажет.

Тарихшы үстаз-ғалым Мырзабай ініміз де солай ойлайды. Мырзабай университетте дәріс оқумен біргелікте ғылыми ізденстерді о бастан-ақ бірге алып жүрді. Бүл бағыттағы іс-әрекеттері де босқа кеткен жоқ. 2010 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Оңтүсік Қазақстан халқының әлеуметтік- демографиялық дамуы (1926-1959 ж.ж.)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады. Жоғары аттестациялық кеңес тарих ғылымдарының кандидаты атағын берді.

2004 жылы «Қазақпарат» баспасынан «Қазақстан тарихынан схемалық карталар мен пландар жинағы» атты оқу-әдістемелік қүралы жарық көрді. Республикалық, халықаралық және шетелдік ғылыми- практикалық конференцияларда баяндамалар жасады. Жиырмадан астам ғапыми мақалалардың авторы. - Біздің мақсатымыз - студент жастарды білікті тарихшы-маман етіп қалыптастыру. Оларды еліміздің дамуына, қоғамымызда түрақтылықтың сақталуына өз үлесін қоса білетін саналы да сергек көзіқарақты азамат етіп тәрбиелеу, - дейді ғалым-үстаз. - Сондай-ақ туған елдің тағылымға бай тарихын жете танитын текті үл-қыздарды өсіре білсек, бүл да төл міндетіміз, - деді сөзі мен ойын одан әрі жалғастырып.

Тарих мамандығы, шыны керек, қызғылықты мамандық. Әсіресе, түған еліміз өз тәуелсіздігін алған күннен бастап, бүл мәселеге ендігіде мемлекеттік түрғыда қарау басымдыққа ие болды. Күні кешегі кеңестік жүйе түсында тағдырымызды да, тарихымызды да XX ғасырдың басындағы қазан төңкерісімен байланыстырған ғүмырымыз жаңа сапалық таныммен байи түсті.

«Жүздеген, мыңдаған жылдарға татитын тарихымыз бар біздің» деп ауыз толтыра айта алатын кезге тап келдік. Ең бастысы рухымыз тіктелді. Қорланған тарихымыз жаңарды. Саясиланған болмысынан тазарды. Өзіндік болмысы жаптырап ашыла түсті. Туған тарихымыздың тамыры тым тереңде екендігіне көзіміз жете түсті. Үлан-байтақ ұлы Даланы, шыны керек, текті де батыр, ақылды да айла- тәсілге аса бай халық болмаса, қалайша сақтап қалар едік?! Қор болған халық еш уақытта еңсесін көтере алмасы хақ. Ал текті халықты қорлауға, зорлауға, сордың қамытын кигізуге болар, бірақ мұндай қара ниеттер атаулысының ғұмыры келте болады. Үзаққа бармайды. Күні кешегі қазақ халқының азапты да, күрделі тағдыры сөзіміздің айғағы.

Біз де күні кешегі күндердің перзентіміз. Кеңестік тәрбиені бойға сіңіріп өстік. Бірақ оның бәрін да түгелдей қаралауға болмайды. Бір медальдің екі жағы болатындай, сол жүйенің оң әрі теріс жақтары болды. Бұл рас. Бірақ осынау жүйе ұлттық жадты, оның төл тарихын өршелене, өлермене өшіруге ұмытылғаны, әрине, құптарлық емес-ті.

Өйткені тұтастай бір елді, оның негізгі ұлтын сауатсыз, мал соңында салпақтап күн өткізген, көшіп- қонудан өзге мәдениет пен өркениетке қол созбаған, соры бес елі халық ретінде сипаттады. Рас, кеңестік жүйе кезінде өсіп, өркендедік. Сонымен бірге тарихымыз өте тереңде екендігін, мәдениеті мен өркениеті, Дала философиясы әлемдік философияның құрамдас бір бөлігі екендігін тәуелсіз мемлекет кезінде ғана ашық айта білуді үйрендік. Қазірде университетке республикамыздан, ТМД елдерінен ғана емес, алыс шетелдерден де тарихшы мамандар арнайы келіп, дәрістер оқуда. Атап айтқанда, өткен жылы Алмания елінен профессор Вальтер Фрейзен мырза келіп, екі апта бойы дәріс оқыды. Мұндағы мақсат - бүгінгі студент, ертеңгі болашақ тарихшы маман отандық және әлемдік тарихты әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсініп, ұғыну. Сөйтіп, өз елінің, әлемнің тарихын саналы турде ой елегінен өткізіп, сараптаи, талдай білуге дағдыландыру.

Бүгінде тарихшы ұстаздар қызмет жасайтын кафедрада оқу удерісін ұйымдастыру мен студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етуге байланысты нақты іс-жоспарлар алдын-ала әзірленіп даярланған. Кафедраларда студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен жүйелі әрі тұрақты түрде айналысу үшін «Өркениет» үиірмесі жұмыс жасауда. Осынау үйірме жумысына «Тарих» мамандығының 1-4-курс студенттері қатысады.

Үйірмеде студенттердің тарих ғылымымен, тарихи зерттеулердің жалпы құрылымымен, ғылыми жұмыстардың жазылу жолдары және ерекшеліктері таныстырылады. Сондай-ақ, мұрағат қорларымен жұмыс жасау, табылған әртүрлі жазбаша тарихи деректерді ғылыми жұмысқа орынды, дұрыс пайдалана білу, студенттерді археологиялық экспедицияларға шығару, табылған заттарды елеп-екшеу және өз еңбектерінде пайдалану мәселері де әрдайым түсіндіріліп. ұғындырылады. Біздің әр күніміз, өткеніміз бен келешегіміз біле білгенге тарих екендігі көзіқарақты азаматтарға белгілі жәйттердің бірі. Сол себепті осынау тарихты жасаушы көнекөз қариялар мен ардагер ағалардың басынан өткерген, көрген, естіген әңгімелерін, өз жүректерінен өткізген сезімдері мен көңіл-күйлерін, тіпті, аңыздарды, ертегілерді, жыр-дастандарды жинақтау да - үлкен тарихи мәнге ие.

Өйткені осынау дереккөздердің өзінде нақты тарих, сол уақыттың экономикалық-әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық, салт-дәстүрлері менмұндалап тұрады. Бұл-жай әншейін құрғақ қиялдан туған нәрсе емес, онда бәрібір нақты ой, дерек, оқиғалар суреттеледі яки баяндалады. Тек қана елеп-екшеу, салыстыру қажет. Осылардың барлығын жас студент-маман өзінің алғашқы ғылыми еңбектерінде пайдалану үшін бастапқы ғылыми дағдылар мен шеберлікті өз бойларына дарытады.

Тарихшы ғалым ретінде тарих мамандығының студенттеріне ғылыммен тікелей айналысу мәселесіне де кафедра ұжымы ұдайы көңіл бөліп келеді. Соның айқын бір дәлелі ретінде универсиетте өткен студент-жастардың ғылыми-практикалық конференциясында тарих мамандығының 4-курс студенті Акбар Бауыржан «Кенесары хан және Тәуелсіздік» тақырыбы бойынша өзінің ғылыми жұмысын ойдағыдай қорғап, бас жүлдені иемденуі дер едік.

- Біздің студенттеріміз қоғамдық іс- да белсене араласады. Атап тарих маман дығының 4-курс студенттері Ерсариев Алтынбек, Нысанбекова Аягөз, 3-курс студенттері Молдахмет Архад, Тағаев Закиржан, 2-курс студенттері Омаров Салтанат, Төлеген Ақниет, Базарбаев Аят және 1-курс студенттері Есжан Гүлзада, Дүсіп Үлбосын, Ақбай Қуаныш, Серік Амангелі, Тұрсынбек Арайлым, Нұғман Бақыт, Темір Ербол, Әлиханова Ақдидар әрдайым университеттегі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға жүйелі түрде қатысады.

Ал, Молдахмет Архад, Шүрмен Ләззат, Асықбаев Бағлан жоғары оқу орнында өткен дәстүрлі «Мұқағали оқуларында» жүлделі орындарды жеңіп алды. Шымкент қаласында өткен республикалық «Бауыржан оқуларында» Молдахмет Архад «Ұрпақ атар тоқсан мен жүздігімді» атты номинация бойынша жеңімпаз деп танылды. Сөйтіп, ол Тараз қаласында өтетін шешуші сайысқа жолдама алды. Осынау республикапық байқауда да сәттілік оған серік болды. Ол үшінші орынды жеңіп алды. Ал өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Бауыржан оқулары» байқауында студент Тағаев Закиржан да «Ұрпақ атар тоқсан мен жүздігімді» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылып, Тараз қаласындағы республикалық сайыста жүлделі 1- орынды иеленді.

Осылардың барлығы, әрине, тарихшы-оқытушылар үшін үлкен мәр.тебе. Абырой әрі бедел. Осы бағыттағы жемісті жұмыстар әлі де алдағы күндердің еншісінде деп білеміз. Студенттерге тарих деп аталатын ұлы мемлекеттер мен елдерді, олардың бай тарихын үйретіп жүрген тарихшы- ғалымдар арасында Мырзабай да осынау ауқымы аса мол салаға өз үлесін қосуды басты парыз әрі міндеті деп санайды.

Қазірде туған тарихымыз түгенделуде Толығуда. 2015 жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауды мемлекеттік деңгейде өткізуге даярлануда. Бұл айтулы дата - елдігіміз бен мемлекеттігіміздің айқын көрінісі. Рухымэздың биіктегені. Ендігіде оны аластатар күш жоқ. Өйткені халықымыздың рухы оянды. Ұлттық сананың тегеуріні анық сезіле бастады.

- Осы міндеттер биігінен көріну - біздер үшін үлкен мәртебе. Біз өз тарихымызды әлем тарихымен байланыстырамыз. Әлемдік өркениеттен тыс өмір сүре алмаймыз. Өзіндік болмысымызға, тарихымызға да ұқыппен қараймыз. Бүгінгі тарих осыған үйретеді, - дейді тарихшы-ғалым.

Нурғали ҚАДЫРБАЕВ,
«Сырдария» университетінің профессоры.
7Сыр №01 (291) 09.01.2015 жыл (5 бет)

Басқа жаңалықтар