қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

30.11.2012

«Тәуелсіздік дастарханы» атты жәрмеңке

Тәуелсіздік күніне орай «Гуманитарлық білім» факультетінің ұйымдастыруымен 9 қараша күні «Тәуелсіздік дастарханы» атты жәрмеңке болып өтті. Жәрмеңкеге әр мамандық өздерінің ас мәзірлерін дайындап шығарды. Ең үздік танылған «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенттері бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

17 қараша студенттер күні

«17 қараша - студенттер күніне» орай «Қазақстан» студенттер сарайында «Студенттік шақтар-ай» атты мереекелік іс-шара жылдағыдан ерекше аталып өттілді. Мерекелік іс-шара барысында университеттің ректоры С. Мамраимов сөз алып, студент жастарға ақ тілектерін білдірді. Студенттік шақ адам өміріндегі ең қызықты шақ. Ұмытылмас естеліктер мен естен кетпес студенттік жылдардың еншісінде екендігін білеміз. Телеэкраннан қазақ өнер жұлдыздары М. Садуақасова, Р. Әлқожа, журналист Н. Жеңісбек, айтыскер А. Тұрсынбаева, журналист А. Сапарбаева студенттерді мерейлі мерекелерімен құттықтап келешекте нағыз маман болуларына тілек білдірді.

Кеш барысында «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушылары А. Дарменшеева мен Е. Әбілбашаров әсем әуеннен тарту етсе, студенттерден құралған «Назерке» би тобы және О. Тастанов, Е. Ташметов, А. Аманбаев, Қ. Серікбаева, А. Үкібаев өз өнерлерін көрсетті. «Жарайсыңдар ДТС» және «Болашақ Сырдария» КТК командалары әзілдерімен көрерменнің көңілдерін көтерді.

«Сырдария» университетінің тәрбие істері жөніндегі проректор Д. Әбдіғали жастар комитетіне мүше болған студенттерге куәлік табыстады және ең үздік студентік шақтардағы естелік жазған студентті марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Л. Әбенова құттықтау сөз сөйлеп студенттерге шығармашылық табыстар тілеп, факультетінің белсенді студенттерін марапаттады және «Тәуелсіздік дастарханы» атты іс-шарасының қорытындысын жариялады. Кеш соңында лотерия ойыны ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Студенттер төл мерекелерін қызықты етіп өткізді.

«Елбасының еңбек жолы» атты тақырыпта баяндама

Қараша айының 28 жұлдызында «Отан және шетел тарихы» кафедрасының оқытушысы Мырзақасымова Мақпал 1-аудиторияда «Елбасының еңбек жолы» атты тақырыпта студент жастарға баяндама оқыды. Баяндамада Елбасының туылғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі еңбек жолы қамтылған және тәуелсіздік жолында қазақ ұлтының мәртебесін арттыру жолындағы ерен еңбектеріне кеңінен тоқталып өтілді. Сонымен қатар студент жастар Елбасының еңбек жолы туралы да өздерін толғандырған ойларын айтып өтті. Студент жастарға Елбасының өмірі жайлы қысқаша дайындалған бейне материал көрсетілді.

«Тұңғыш Президент» атты тақырыпта лекция

29 қараша «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай университет жастарына тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Б. Мейірбеков «Тұңғыш Президент» атты тақырыпта студент жастарға лекция оқыды. Сонымен қоса студант жастар өздерінің пікірлерін ортаға салды. Елбасыға деген өздерінің ризашылығын білдірді.

Лекция барысында Тұңғыш Президент тарапынан жастарға жасалып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, лекцияға қатысып отырған «Жас Отан» Жастар қанатының 2 сьезіне делегат болып университеттен барып қайтқан Нұржігіт Аманов өз ойымен бөлісті.

Ғылыми істер жөніндегі прректор Бауыржан Құрбаналиев ғылым мен білім саласындағы жетістіктерді айта отырып, осының барлығыда көреген, кемеңгер Елбасының арқасында екендігіне тоқталып өтті. Лекция барыснда студент жастар үлкен әсер алды.

«Ән және сән шеруі» атты есеп беру концерті

29 қараша күні «Қазақстан» студенттер сарайында «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен «Ән және сән шеруі» атты есеп беру концерттік бағдарлама болып өтті.
Студент жастардың бойында әсіресе, А.Аманбаев, С.Жолдықара, Э.Нарбекова, С.Байымбетова, Ә.Үкібаев, Е.Ташметов, М.Бакиров сынды студенттеріміз әннен шашу шашса, «Назерке» би тобы би билеп көрермендерге қуаныш сыйлады. Көрерменнің көңілін ерекше назарын өздеріне аударған сән әлемі болды.
Сән шеруінде студент жастардың қолдарынан шыққан соңғы үлгідегі киім үлгілері кімді де болса таң қалдырары анық.

«Жастар Елбасымен бірге» атты конференция

30 қараша күні «Виртульды кітапханада» «Орталық кітапхананың» меңгерушісі Алтынай Молдадосованың ұйымдастыруымен «1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай «Жастар елбасымен бірге» атты конференция болды. Конференцияда жастар жан-жақты ой қозғап Елбасының жастар жасап жатқан қамқорлығына кеңінен тоқталды.

Конференцияда баяндама оқыған Ғаппарова Надира өз сөзінде: «Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары өзінің жылдан жылға жүйелі жалғасын табуымен және еліміздің даму тарихындағы белесті кезеңдерді қорытындылап, жаңа даму бағдарын айқындаумен ерекшеленеді. Біз болашақ білім беру саласындағы жастар болғандықтан бізді Елбасы Жолдауларындағы білім беру саласына қатысты мәселелердің толғандыратыны заңды. Сондықтан елбасының әр Жолдауларындағы білім беру саласын дамыту мен оның сапасын арттыру жұмыстиарына қатысты Елбасының ұсыныстары жастар алдына жаңа міндеттер мен жауапкершілік жүктейді. Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта білім саласын реформалау және қазақстандық білім сапасын дамытуға қатысты ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды.

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» қорытындылап, алдағы он жылдықта іске асыруға тиісті шаралар нақтыланды. Осы жобаларды атқараты сізбен біз сияқты жастар болмақпыз сондықтан біз жастар қандайда саяси маңызы бар оқиғалардан бей-жай қалмауымыз керек.» деп сөзін аяқтады. Конференцияға «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының іс басқарушысы М. Нұрмағамбетов, «Мақтарла жастар орталығының» директорының орынбасары М. Бейсенбаев қатысып, мемлекет тарапынан жастарға істеліп жатқан бағдарламалармен, жобалармен таныстырып өтті. Конференцияда студент жастар өз ойларымен бөлісті.



Басқа жаңалықтар

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс
«Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат турнирі


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу