қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

9.09.2016

Құрбан айт - құтты мереке

Үстіміздегі жылдың 9 жұлдызында "Сырдария" университетінде "Құрбан айт - құтты мереке" тақырыбында дін өкілдерімен кездесу болып өтті. Лекция залы студент жастарға толы болды. Қонақ ретінде орталық "Нұғман" мешітінің найып имамы Шаймерден Бағдат, Еңбек ардагері, Мақтарал ауданының "Құрметті азаматы" Сабыров Елемес қажы, Мақтарал газетінің бас редакторы қызметін атқарған, қазірде зейнеткерлікке шыққан Жолбарыс Тілеуұлы және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Бейсенбаев Мұхтар Қасымханұлы қатысты.


Алғашқы болып Философия докторы (PhD) Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлы "Жастарды жат ағымдардан сақтайық" тақырыбында баяндама оқыды. Онда келтірілген мысалдар, өмірден алынған оқиғалар – мағыналы, мазмұнды, тағылымдық жайлар жастарға үлкен ой салды. Сабыров Елемес қажы да елге жасаған жақсылықтары мен игі істері жайлы студент жастармен емін-еркін бөлісті. Ж.Тілеуұлы өзінің жуырда жарыққа шыққан ғұмырнамалық, дидактикалық сарында жазылған "Ізгілік іздері" атты кітабымен таныстырып, оны оқып шығуға шақырды. Шаймерден Бағдат имам тәрбиелік мәнге ие насихат сөздерімен сұхбатын жалғастырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар да жауапсыз қалған жоқ.

Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Молдабекова Нұржамал Сейдалықызы келген қонақтарға қоғам қайраткері, педагогика ғылымының докторы, профессор О.Аяшевтің "ОйСерік" деп аталатын кітабын сыйға тартты. Студент жастар қонақтармен сырлы кездесу сәтінен естелік ретінде суретке түсті.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Қалыбекова



Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz