қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

9.04.2016

"Жас маман-2016" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Халықты жұмыспен қамту, елде жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Осы орайда жер-жерлерде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Елбасымыздың ел игілігі үшін оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары да ашылып, ел өзінің несібесін тауып жатады. Кейбір елді-мекендерде жұмысшы қолдары жетпей, маман тапшылығы сезіліп тұратындығы да белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру және университетіміздің бітіруші жас мамандары мен жұмыс берушілердің арасында алтын көпір орнату мақсатында "Сырдария" университеті "Жас маман-2016" бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Аталған іс-шара университет бітірушілері үшін үлкен мүмкіндік. Жәрмеңкеге университеттің корпоративті серіктестері, қамқоршылар кеңесінің мүшелері "Сырдария" университетінің құрылтайшысы Е. Сейлова, тех.ғ.д., профессор, Ә.М. Әшіров, "Нұр Отан" партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Ә. Байдуллаев, "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының" директоры, а-ш.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі И.И. Үмбетаев, сондай-ақ ауданымыздың №121, №124, "Асықата", Пушкин атындағы жалпы орта мектептері, Жетісай қаласында орналасқан "Тұран", Б. Момышұлы, М. Горький атындағы мектеп-гимназиялары, №122 жалпы орта мектебі, А. Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов, атындағы жалпы орта мектептерінің директорлары мен орынбасарлары, Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коледжі мен мемлекеттік мекеме басшылары, жалпы айтқанда, университет даярлайтын 22 мамандыққа қажеттіліктері туындайтын мекемелерден келген өкілдер әр мамандықтың жетістіктерімен, студенттердің түйіндемелерімен танысып, сұхбат жасап пікір алмасты. Сұхбат барысында студенттеріміз өздерінің білім біліктіліктерін, ой-өрісін, маман ретіндегі көзқарастарын жан-жақты орамды ойларымен дәлелдей түсті.

Сонымен бірге, ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков, Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, с.ғ.к., доцент Р.С. Тәжітаева, ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор п.ғ.к., доцент Н.С. Молдабекова, тәрбие істері жөніндегі проректор Л. Мырзабек және факультет декандары мен кафедра меңгерушілері жұмыс берушілермен сұхбаттасып, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Мемлекеттік іс-тәжірибеден өткен базалардың басшылары да келіп, іс-тәжірибеде өзін көрсете білген студенттерді өз мекемелеріне шақырды.

Жәрмеңкеге келген бірнеше жұмыс берушілер сөз сөйледі, атап айтқанда, Ж. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Срайлов Бақыт мырза университеттің даярлап жатқан мамандарына жоғары деңгейдегі бағасын беріп, театр қызметкерлерінің басым көпшілігі "Сырдария" универсиетінің түлегі екендігін айта отырып, "Музыкалық білім" мамандығының бітіруші курс студенті Әжібек Райханды жұмысқа қабылдайтындығын айтты. №121 Жалпы орта мектебінің директоры Сабырханов Сәкен Ағманұлын университет түлектерінің білім, білік дағдыларына сенетіндігін, қол астында қызмет атқаратын университет түлектерінің барлығы да өз ісінің мамандары екендігін таңдана айтып, солардың қатарына "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенті Аяпова Гүлнұрды қосатындығын атап өтті.

"Тұран" мектеп-гимназиясының директоры Қалжанова Гүлсара Мырзаханқызы өз мектебінде мемлекеттік іс-тәжірибеден өткен "Математика" мамандығының студенттері М. Арипбай, Ә. Мажитов, Ұ. Жұмабековаларды алдағы оқу жылында өз мектебінде көргісі келетіндігін атап өтті.

Елбасымыздың білім беру жүйесін үш тілде жүргізу қажеттігін айтқан тапсырмасына сәйкес мектеп директорлары математика, физика, химия т.б. пәндерін орыс тілінде оқытатын мамандар керектігін жеткізді.

Жәрмеңке келген қонақтарға арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, "Музыкалық білім" мамандығының бітіруші курс студенттері және университетіміздің мақтанышы, республикалық "Жайдарман" ойындарында көрерменнің көзайымына айналған "Сырдария" құрамасы өздерінің өнерлерімен дүйім жұртың жүздеріне күлкі сыйлады.

"Сырдария" университеті бітіруші түлектерді тек қана қолдарына диплом беріп қана қоймай, олардың жұмыспен қамтылуына жан-жақты ықпалын тигізіп келеді. Бүгінгі күнде дәстүрге айналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі арқылы көптеген түлектеріміз өз жұмыстарын табуда. Сондай-ақ, еліміздің басқада өңірлеріндегі бос жұмыс орындарын анықтап, бітірушілерге ұсынып отырады.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы



Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz