қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

9.03.2016

7СЫР, республикалық қоғамдық-саяси газет
№09 (349) 04.03.2016 жыл, 5 бет

Талапкер, өз таңдауыңды жаса!

Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы, "Өнер" факультеті деканы

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.

Талапкер мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. Қалаған мамандық бойынша оқуға түсу, студент атанып жаңа өмірге қадам басу кез келген түлектің арманы. Сол сезімге жету үшін әрбір талапкер білімді терең меңгеру қажет.

Білім – адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Оқушылардың білімі оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі.

Сөйтіп, білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген сапалы білімнің көмегімен талапкер жаңа білімдер жасауға қатысады, өз ой арманына, қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады.

Әл-Фараби бақытты болу мен қоғамдық тіршілікті жақсарту білімділікке байланысты екендігін ескерте келе, білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, парасаттылық пайда болатындығын айқындаған.

Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі - өнер болып табылады. Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі.

Мектеп – балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мұғалімдердің еншісінде. Жас талапкерге ЖОО және мамандық таңдауда дұрыс жол көрсете білуіміз керек. Оған көмекші ақыл беруші аяулы ата-анасы мен білім нәрін сусындатқан ұлы ұстаздарының ролі зор. Шығармашылық мамандықтар әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан факультет мамандықтарын мақтан тұтамын.

Бүгінгі таңда "Сырдария" университетінде профессор-оқытушылар құрамының, оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру, материалдық техникалық базаны нығайту, және қазіргі заман талабына сай жоғары білімді мамандарды оқытудың тиімділігін арттыру бойынша тыңғылықты әрі жемісті жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ компьютерленуге және оқу мен оқу-әдістемелік процесіне тиімді оқыту технологияларын енгізуге үлкен көңіл бөлінуде. Оқу үрдісі компьютер орталығы, мультимедиа сыныбы, виртуальды кітапхана аясында жұмыс істейді. Компьютер орталықтарындағы компьютерлер интернет желісіне қосылған, сабақ оқуға барлық мүмкіндіктер жасалған.

"Сырдария" университетінің миссиясы: білім беру, ғылым мен инновациялық қызметті заман талабына сай интеграциялау және Қазақстан республикасының даму стратегиясына сәйкес жаңашыл мамандар даярлау.

Білім беру сапасы саласындағы университет саясатының негізгі мақсаты – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау. Ендеше, жас талапкер сіздерді "Сырдария" университетінің "Өнер" факультетіне оқуға шақырамыз.

Факультет дайындайтын мамандықтар:

5В010600 – Музыкалық білім мамандығы.
Біліктілік: Музыкалық білім бакалавры.
Оқу мерзімі – 4 жыл

Музыкалық білім мамандығын бітірушілер – жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда музыка сабағы, сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, ұйымдастыру және насихаттау жұмыстарын жүргізе алады. Ұйымдастыру және басқару, өндірістік- технологиялық, есептеу және жобалау, эксперименттік-зерттеу, білім беру педагогикалық қызмет саласында жұмыс істей алады. Музыка мұғалімі, сынып жетекшісі, музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы, музыкалық өнерді насихаттаушы қызметтерін атқара алады.

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы.
Біліктілік: Бейнелеу өнері және сызу бакалавры.
Оқу мерзімі – 4 жыл

"Бейнелеу өнері және сызу" мамандығын бітірушілер – мектептерде, лицей, колледждерде мұғалік қызметін атқаруға мүмкіндігі бар. Әр түрлі оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, шығармашылық және салалық ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, көркем шеберханаларда, баспаханаларда жұмыс жүргізеді. Білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық) мәдени ағарту, өндірістік-көркем, жобалау-дизайнерлік, ғылыми-зерттеу және әдістемелік, көркем-шығармашылық бағыттарында жұмыс істей алады.

5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы:
Біліктілік: Кәсіптік оқыту бакалавры.
Оқу мерзімі – 4 жыл

"Кәсіптік оқыту" мамандығын бітірушілер-бірінші категориялы-техниктің алғашқы қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант және инженер ғылыми-зерттеу мекемелеріне, конструкторлық және жобалау ұйымдарында жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, жалпы техникалық пәндердің арнайы технологиясы оқытушысы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі;

Кәсіби оқыту ұстазы (сала бойынша) машина жасау өндірісі, құрылыс, мата және тігін өндірісі, былғары және аяқ киім өндірісі, тамақ өнімдері өндірісі қызмет түрлерімен айналысатын кең профильдегі мамандар. Жалпы техникалық пәндер оқытушысы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі қызметін атқаруға мүмкіндік береді.

5В042100 – Дизайн мамандығы.
Біліктілік: Дизайн бакалавры.
Оқу мерзімі – 5 жыл

"Дизайн" мамандығын бітірушілер-бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу мекемелерінің инженерлері, конструкторлық және жобалау мекемелерінде, жеке кәсіпкерлердің тігін цехында дизайнер, тігінші, конструктор, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға мамандалады.

Өндірістік дизайнда киім дизайны, жиһаз дизайны, техникалық дизайн және безендіру қолданбалы өнері қызметін атқаруға мүмкіндік беретін мамандық.



Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды "Өнер" атты киелі ұғыммен ұштастырып, дара қасиеттеріңізді шыңдағыларығыз келсе зор мүмкіндіктеріңіз бар.

Талапкер, өз таңдауыңды дұрыс жаса !




Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Бітіруші тyлектер

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz