қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Құттықтаймыз!
И.Үмбетаев - Оксфорд Академиялық Одағының мүшесі

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы және мемлекетке сіңірген еңбектері назарға аланып, кәсіпорынның өнім, қызмет саласы мен экологиялық ережелерге сәйкестігі саласындағы саясаты, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру барысындағы жетістіктері үшін қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынның Бас директоры, ҚР ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ибадулла Үмбетаев 2014 жылы 1 желтоқсанда Оксфорд Академиялық Одағының шешімімен академияның толық мүшесі, яғни академигі болып сайланды.

И.Үмбетаев Оксфорд Академиялық Одағының Шығыс Европа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша бөлім бастығы Мила Милтонның арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

"Жеті сыр" ақпарат

Ғалым студенттерге дәріс берді

Қазақ тақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Бас директоры, ҚР ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, белгілі қоғам қайраткері Ибадулла Үмбетаев жаңа жыл қарсаңында Мырзашөл өңіріндегі тұңғыш жоғары оқу орны "Сырдария" университетінде болып, биология факультетінің студенттеріне мақта шаруашылығы жөнінде лекция оқыды.

Жастар жергілікті жердің тарихын тереңірек білу үшін ғалым Мақтааралдың атауы мақтамен тікелей байланысты алынғаны жөнінде өз сөзін тым әріден бастады. Су және жер бар жерде барлық уақытта халық бар. Кңес үкіметінің саясатымен Мырзашөлге топталған халық техника тапшы заманда үлкен каналды, барлық атыз-атыздарды қолмен қазған. Ағын су жеткізіліп, ең алғашқы егілген дақылдың мақта екенін ғалым ағамыз өзінің әрбір сөзін мұқият тыңдап отырған жастарға түсінікті етіп жеткізді.

Содан бері талай жылдар өтті. Егіндік жерлердің топырақ құрамының құнарлығында өзгерістер пайда болды. Бұл жөнінде ғалым тақтада суреттер көрсету арқылы ғылыми жолдармен өз ойын өрбітті. Жерді сүю керек, құрметтеу керек, жермен достасып, оның тілін білу керек деген ұғымдарды студенттердің жүректеріне ұялатты.

Мақтаның сорттарына да кеңінен тоқталып өтті. Кеңес дәуірінде бұл іспен тек қана Өзбекстан ғалымдары шұғылданған. Ал қазір ше, өзіміздің жаңадан ашылған, жергілікті жерге төзімді, мол өнім беретін қазақстандық мақта сорттарымыз бар. Ол сорттардың авторы осы Ибадулла ағамыз. Осы жаңа сорттардың облыс көлімінде егіліп жатқандығы жөнінде де қызықты әңгімелеп берді.

Бүгінгі таңда Ибадулла ағамыздың есімі мақта егумен шұғылданатын шет ел мемлекеттеріне жете таныс екенін мақтанышпен айта аламыз. Өйткені, ол жылына бірнеше маемлекеттерде іс сапарменен болып, қалалық жиындарда мақта сортына және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты лекция оқып, құнды-құнды пікірлер алмасып қайтады. Осы орайда студенттердің назарын қай мемлекеттер мақтаның қандай сорттарын егіп жатқанына аударды.

Қазіргі заманда жаңа технология мен озық тәсілдерсіз ауылшаруашылық саласын дамыту мүмкін емес. Ғалым осы жөнінде де құлақты елең еткізетін деректер келтірді.

Студент арасында мақта шаруашылығына қызығатындар көп екен. Олар лекцияның соңында ғалым ағамызға бірнеше сұрақтар қойды. Ол сұрақтардың барлығына ғылыми тілмен жауаптар қайтарды. Лекциядан әсер алған жастар өз ойларын айтып, ғалыммен пікір алмасты. Сосын естелік суретке түсті.


Басқа жаңалықтар