қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№18 (308) 08.05.2015 жыл, 3 бет

Ұлы Шоқан шырағы

Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының тарихындағы ұлы есімдердің бірегейі.
Әлем халықтары, әсіресе, Еуропа өркениетке әлдеқашан бет бұрған уақытта Шоқан қазақ даласын осынау игі істерге орай білім мен ғылымға, шаһар тіршілігіне қарай іс-әрекет жасауға ұмтылыс танытты.
Әрине, Шоқан өмір сүрген уақыт (1835 жылы, қараша 1865 жылы сәуір) хандық жүйенің жойылған кезі еді.

Ұлы Дала өтпелі кезеңнің ауқымында ғумыр кешті. Әрине, бір жүйеден екінші жүйеге өтудің өзіндік ерекшеліктері де болады. Әсіресе, орыс әдебиеті мен мәдениетінің әсері бертінде күшейе түсті. Бұның ықпалы мен әсерін ұлы Шоқан тұлғасынан да байқауға болады. Ұлы Шоқан орыс әдебиетімен және мәдениетімен танысып қана қойған жоқ. Ол орыс ғалымдарымен, жазушылармен және техника саласындағы зиялы өкілдерімен тікелей байланыста болғаны белгілі. Мәселен, Шоқанның айтулы жазушы Ф.М.Достоевскиймен, шығыс тілдері мен мәдениетін зерттеуші ориенталист ғалымдар, достары Г.Н.Потанинмен, публицист Н.М.Ядринцевпен, Ф.Н.Усовпен, И.Н.Березинмен байланыста болған. Хат жазысқан. Өзара ортақ және жекелей түрғыдағы өз ой-пікірлерін ашық білдіріп түрған.

Қазақ халқының салт-дөстүрлері, әдет-ғурыптары мен жөн-жосықтарының тарихы тым тереңде екендігіне дос-ғалымдарының көздерін жеткізген. Өз халқы этнографиясының бай әрі тағлымды түрлерінің мол әрі ғибратты екендігін мақтан тұтқан. Оларға арнап бәйге, көкпар үйымдастыруы, төл халқының әралуан халықтық ойындары мен отырыс - сауықтарын көрсетуі, бүркіт салып, аң, қүс аулау секілді аңшылық өнерін тамашалануы сөзіміздің айғағы. Егерде өз халқының осынау әртүрлі өнерін қомсынса, қорланса, ұлы Шоқан дос-ғалымдарына бүларды көрсетпес еді. Немқұрайлылық танытуы да әбден мүмкін болатын. Шоқан өз халқының этнографиялық салт-дәстүрлерін мақтаныш еткендіктен, бұларды айтудан да, ақ қағазға жазып қалдырудан да еш уақытта бас тартпаған. Керісінше, төл халқының болмыс-бітімін, өлең, жырларды, аңыз, ертегілерді жазып қалдырған. Атақты әншілер мен жыршыларды арнайы шақыртып, халық мұраларын үнемі жазып алып отырған. Өз халқын емірене сүйген ұлы тұлға өз елі мен жерін, оның табиғи қабілет-қарымы мен тұла бойындағы өнерін ықылас таныта насихаттаған.

Өз елінің тарихы мен рухани-мәдени өмірін ұлық тұтқан, ата-баба дәстүріне адал ұл болған ұлы Шоқанның білім мен ғылымға деген ұмтылысы әлі күнге дейін оның өміріне деген үлкен қызығушылықты оятуда.

Шоқан жаққан шырақтың сәулесі, нұры бүгінгі ұрпақты да сергек ойлы, жігерлі де қайратты, жүректі болуға үндеуде.

Ұлы Шоқан өмір сүрген уақыт оның білім мен ғылымды ғүмырлық серік етумен біргелікте өз елінің болмысы мен табиғатын өзге елдерге таныстыру, насихаттаумен айшықталды. Қазақ даласы меңіреу, ұлан- байтақ, ескерусіз, елеусіз мекен еместігін өзге елдер де, соның ішінде Ресейдің озық ойлы зиялылары да жақсы білді.

Қазақ халқы көшпелі тіршілік жасаса да, оның бай тілін, құнарлы салт-дәстүрін, көргенді де өнегелі іс- әрекеттерін, болмыс-бітімін талдап, таразылай бастады. Тереңірек зерттеу міндеттерін алға қойды. Осы орайда Шоқан Уәлихановтың өзі елі мен халқына сіңірген еңбегі аса зор.

Көшпенді елдің озық дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін дана перзент жас кезінен-ақ өз бойына сіңіріп, оны адап жанға тән қасиетпөн өзге елге имөнбөй, өңсөсін төмендетпей асқақ халдө ұсына білген. Демек, біздің өткенімізде, тарихымызда, рухани-мәдени өмірімізде корланатындай, намыстанатындай ештеңе де жоқ. Біздің ата- бабаларымыздың өткен жолы - рухы биік, ары таза, ісі өнегелі, тірлігі текті халықтың жолы. Ұлы Шоқанның өмірі соның дәлелі. Осынау дәлелдеуді қажет етпейтін ой- тұжырым қорытындысы күні кешегі кеңестік жүйе кезінде сыңаржақ қалыпта түсіндірілді, бүкіл ұлтқа мәңгүрттік сана ұялатты. Тәуелсіздік жылдары ғана мұндай қасаң ой-пікірлерден арылуға мүмкіндік туды.

Шоқан Уәлихановтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Еркөкше" секілді жыр жауһарларын бала кезден жазып алуы, оның туған халқына деген шексіз сүйіспеншілігінен хабардар етеді. Өз мәдениетінен жерінген жан бұндай қадамға бармайды. Өз халқын, оның мәдени-рухани, әдеби, дүниесін шетқақпай етіп өгейсітпейді. Ал Шоқанның жасындай жарқ еткен, шырақ болып жанып, төңірегіне нұр шашқан ғұмыры туған елі мен халқын шынайы, табиғи түрде сүйе білудің нағыз өлшемі. Оның орыс еліндегі зиялы достары да қазақ еліне деген адалдық сезімдерінен айныған емес. Олардың сөздері, хаттары, іс-әрекеттері мен көңіл-күйлері осыны аңғартады.

Он екі жастағы Шоқан туған топырағынан алғаш рет ұзаққа сапар шегіп, Омбы қаласына оқуға келген сәттен бастап, оның білім мен ғылымға деген ынта-ықыласы ғүмыр бойы түгесілген емес. Өз елін өзге елдермен салыстыру арқылы, туған халқының болашағына деген толғаныстары оны ендігіде ешқашанда бейжай қалдырмайды. Өз елін өрге сүйреу қажеттігі үлы Шоқан бойында байыз табады.

Өз халқының тұрмыс- салтын, әдет-ғұрпын, ертегілері мен аңыздарын, өлең-жырларын Шоқан Уәлиханов қазақ даласына саяхат жасауы арқылы жинады. Бұл үлкен ғалымның ерекше еңбегі болатын. Туған жерді сөз жүзінде сүйіп қана қоймай, оның елі мен жерін, халқын көзбе-көз көріп, тіршілігімен етене танысу - оның ой сергектігін, біліктілігі мөн білімдарлығын көрсөтөді.

Жетісу мөн Солтүстік Қазақстан, Ыстықкөл атырабын аралауы, сөйтіп, ондағы қала мәдениеті, суландыру жүйелерінің қалдықтары, сәулет өнері ескерткіштерін зерттеуі Шоқан Уәлихановтың дүниетанымы мен ғылыми көзқарастарының кемелдене түсуіне ықпал етеді.

1856 жылы тамыз айының бас кезінде Шоқан Уәлиханов арнайы іс-сапармен Құлжа қаласына бет алады. Ол Құлжада үш ай болады. Осынау сапар Ресейдің Қытайда елшілік ашуына себеп болады. Құлжа сапарының алдында кілт доғарылған Ыстықкөл сапары ендігіде қайтадан өз жалғасын табады. Осы сапарда ол қырғыз халқы жайлы өте бай тарихи мағлұматтар, этнографиялық очерктер, үйсіндер мен Алатау қырғыздарының ауыз әдебиеті жөнінде бірнеше жазбалар жазады. "Манас" жырын қағазға түсіреді. "Манасты" бүкіл қырғыз халқының ертегілері, аңыз әңгімелерінің энциклопедиялық жинағы деп баға береді. Сахара "Илиадасы" дейді. "Семетей" атты эпосты да "Манастың" жалғасы деп есептейді. "Семетейді" қырғыздардың "Одиссеясы" дейді.

Шоқан Уәлиханов Қазақ елінің Жетісу, Алатау өңірін өте жетік білген, оның географиясы мен тарихын, этнографиясын жетік білген, осынау аймақ халқы жайлы мол мағлұматқа ие тұлға болғандығын анық бағамдаймыз. Бұл оның ғалымға тән ерен еңбегін, жан- жақты ізденімпаздығын сипаттайды.

Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяншанскийдің қолдауымен, қамқорлық танытуымен жас та болса, білікті ғалым ретінде танылған Шоқан Уәлиханов 22 жасында Петербургтегі орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады. Бүл Шоқан еңбектерін петербургтік ғалымдардың толық мойындауы еді.

Өз көршілерін тереңірек білу мақсатында және олардың салт-дәстүрлерін зерттей түсу үшін Ресей үкіметі Таяу Шығысты тануға деген ынта-ықыласы аса зор еді. Бүл міндетті жүзеге асыруға Шоқан Уалиханов секілді білімді әрі жас та болса, тәжірибелі адамды жіберу қажөттігін орыс ғалымдары жөтө түсінді. Оны сауда көруеніне қазақтарша ұлттық киімде кигізіп жіберуге олар қүлық танытады. Бұл міндетті де ұлы түлға ойдағыдай орындап шығады.

6 айға созылған Қашқар сапары (1858 жылы 1 қазан- 1859 жылы наурыздың ортасы) өте жемісті болады.

Өзінің саудагер емес, орыс офицері ретінде есімі белгілі болып қалатындықтан, ендігіде Шоқан Қашқар жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Жолда ол көптеген қиындықтарды көреді. Елге осы сапардан он ай он төрт күн өткенде келеді. Осынау сапар оның денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Ресей үкіметі Шоқан Уәлихановтың еңбегін лайықты бағалайды. Әскери шені өседі. Ақшалай сыйлық табысталады. Орденмен марапатталады. Оны келесі кезектегі Қоқан еліне саяхатқа шығуға әзірлей бастайды.

Шоқан Уәлихановтың азаматтық көзқарасы мен асқан білімдарлығы, дүниетанымының ауқымдылығы орыстың көрнекті өкілдерімен танысуда басты өлшемдердің бірі болғандығы рас. Он тоғыз жаста болса да, оның Ф.М.Достоевскиймен алты жыл бойы (1856-1862 ж.ж.) дос болуы, Шоқанның тұлғалық деңгейінің биіктігін көрсетеді.

Орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскийдің өз хатында жазғанындай, европаша толық білім алған тұңғыш қазақ. Сондай-ақ ол таза жанды, адал жүректі, абзал адам болып жаратылған. Көрнекті жазушы, мінеки, Шоқан Уәлихановқа осылайша мінездеме береді. Әрі өз елінің мәдениеті меи барша қасиетін жасырмай, түгелдей өзге халықтарға, Ресейге түсіндіруі қажеттігін аңғартады.

Екі жылдай Петербургте қызмет жасаған Шоқан (1859- 1861) жемісті еңбек етеді. Сөзге шешен, ойға парасатты ол өз замандастарының алдыңғы қатарында болды. Алайда денсаулығының күрт нашарлауы, оның өз еліне қайтуына мәжбүр етеді.

Елге келген соң да үлы түлға біраз уақыттан соң Омбыға кетеді. Содан соң 1864 жылы ол генерал Черняевтың әскери экспедициясына шақырылады. Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Орта Азияны Ресейге қосу мәселесімен айналысады. Бұл істі ол бейбіт жолмен жүзеге асыруды үсынады. Бірақ генерал Черняевтың іс-әрекеті өзгеше болғандықтан, Шоқан Уәлиханов Верный қаласына қайтып кетеді. Албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып, оның Айсары есімді қарындасымен бас қосады. Әйтсе де, дендеген кесел ұлы тұлғаны бақилыққа аттандырады. 1865 жылы сәуір айында қазақ даласының айтулы перзенті көз жұмады.

Шоқан Уәлихановтың өмірі төңірегіне жарық шашып тұрған шамшырақ сияқты. Ол жаққан шырақтың жарығы қазірде де көптеген жас ұрпаққа таусылмас, түсілмес нұр шашып тұрғандай әсерге бөлейді. Сол шырақтың жарығы алдағы уақыттарда да ғасырлардан ғасырларға жете беретіндігіне еш күмән жоқ. Қажыр мен қайраты аса мол, жігерлі де мәңгі жас, сергек те, асыл сөз бен кемел ойға тапқыр, шешен де қайраткер тұлға шын мәнінде халқымыздың текті оғланы. Ұлы тұлға бейнесі қазірде де тәуелсіздік мұраттарына қызмет ете бермек. Өйткөні туған халқына адал қызмет етуден өзге ешқандай да міндеттің болуы мүмкін еместігі айдан анық қой.


Нұрғали ҚАДЫРБАЕВ, "Сырдария" университетінің профессоры.

Басқа жаңалықтар