қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№18 (308) 08.05.2015 жыл, 6 бет

Мен атамды мақтан тұтамын

Биылғы Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 толып отыр.

Гитлершіл-фашист жендеттерін өз ордасында тұншықты болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған жеңіс жауынгерле саны күн өткен сайын азайып барады. Отан қорғау жолында олар жан аямай шайқасты. Кеуделерін оққа тосып, жауға намысты таптатпады. Сұрапыл соғыста қаншама боздақ қыршыннан қиылды десеңізші?

Жеңіс жалауын желбіретіп елге қайтқан сарбаздардың арасында Мақтаарал ауданы, Абай ауыл округінің тұрғыны кіші сержант Әкем Бибол Достаевта бар еді.

Менің әкем Бибол Достаев 1920 жылы 10 шілдеде Түркістан ауданының "Ойық" ауылында туылды, мектепті сол ауылда бітіріп 1942 жылы қыркүйекте әскер қатарына алынып, сол жақтан Отан қорғау үшін қан майданға аттанды. Россияның "Брянск", Смоленск! қалаларын азат етуге қатысты. 1944 жылы қа жарақат алып УЛАН-уде қаласындағы военный госпитальға түседі.

Көрсеткен ерліктері үшін:

1978 жылы 20 шілдеде Ұлы Отан соғысының 30 жылдық мерекесі медалімен, 1985 жылы 12 сәуірде "Жеңістің" 40 жылдық мерекесі медалімен, 1944 жылы 4 тамыз ҚР Президент жарлығы бойынша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы мерекелік медалімен, 1978 жылы 22 ақпанда Қарулы күштердің 70 жылдық мерекесі медальдарымен наградтал ады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердің басшылары Кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен наградталады. Ол елге оралған соң 1946-1947 жылдары аудандық байланыс бөлімінің төрағасы қызметін, 1947 жылы есепші-бугалтер жұмысын атқарды. 1948 жылдан 1988 жылға дейін мүлтіксіз, яғни 40 жыл білім-тәрбие саласында, ұстаздық жолында еңбек етеді. Отбасымыз үлкен болды, бәрімізді оқытты, тәрбиеледі. Анамыз батыр ана. Әкеміз біреудің ала жібін аттамайтын, арамдыққа жаны қас, әділдікті сүйетін жаны таза, шыншыл кісі еді. Өте момын, балажан, тірлігіне адал жан болды.

Тәрбиелеген шәкірттері түрлі салада жұмыс атқаруда.

Соғыс және еңбек майданындағы ерен еңбектерін кейінгі толқын біле жүргені артық болмас еді. Жыл сайын Жеңіс күнінде Достаевтар отбасында әке ерлігін мақтанышпен еске алып, арнайы ас беріледі. Ұрпақ аман болса, аталар ерлігі еш ұмытылмайды. Мен әкеммен мақтанамын.


С.Б.ДОСТАЕВА. "Сырдария" университетінің кітапханашы


Басқа жаңалықтар