қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














9.03.2017

"АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР"


Көктемнің шуақты да сұлу мерекесі 8 наурыз "Сырдария" университетінде өз деңгейінде атап өтілді. Қазақстан студенттер сарайында білім саласында еңбек етіп жүрген аяулы қыз-келіншектерге арналып концерт ұйымдастырылды. Құрманғазының күйі "Адай" асқақтата орындалып, "Музыкалық білім" кафедрасының оқытушысы Сапарқұлов Сұлтан Халелұлы "Ана туралы" жырды жанды дауыспен шырқады. Бөрі Исаның күйі "Әлқисса-нұрқисса" да көрермен қауымның көңілінен шықты.

Көктемнің жаймашуақ мерекесіне орай ардақты апайлар мен қыз-келіншектерді университет ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Сансызбайұлы Дайырбеков құттықтап, сөз сөйледі.

Мерекелік кеште Абылай мен Әділбек "Анаға сәлем", Абдухаликов Құрманғазы Құрманғазының күйі "Сарыарқа", Қосан Ғабит және Құттыбаева Мақпал "Қайықта", Айдана мен Салтанат "Қазақ қызы", Қаракүшікова Гүлмира Ахмед Жұбановтың "Көктем" шығармасын қобыздың қоңыр үнімен әсерлі орындап шықты.

"Сырдария" құрамасының талантты жігіттері де өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өздерінің биік жетістікке жетулеріне қолдау көрсетіп, демеуші болған университет құрылтайшысы Есенкүл Сейілқызына деген үлкен алғысын білдіріп, гүл шоғын сыйлады.

Сонымен қатар, Дизайн мамандығы қыздарының "Көктем нұры" атты коллекциясын тамашалап, сән әлеміне саяхат жасадық.

Кеш "Мерекем" әнімен аяқталып, естелік ретінде суретке түсті. Шуақты төл мерекелерінде аяулы ана, асыл қыздар Қазақстан студенттер сарайынан марқайып, масаттанып шықты.




Фотогалерея, 16 сурет

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу