қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

7.04.2016

Педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті

28 наурыз күні "Қазақстан" студенттер сарайында үлкен көлемде 2015-2016 оқу жылындағы бітіруші курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы болып өтті.

Аталған іс-тәжірибе 18 қаңтар мен 12 наурыз аралығында Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы, Тұран мектеп гимназиялары, №122 жалпы орта мектебі, А.Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов, Абай, Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектептерінде, "Педагогика және психология" мамандығы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коледжінде өткен болатын.

Конференцияға іс-тәжірибе базаларындағы тәрбие және оқу істері жөніндегі директор орынбасарлары мен университет ректоры мен проректорлары, декандар, кафедра меңгерушілері, іс-тәжірибе жетекшілері және әдіскерлер қатысты.

Конференция студенттердің іс-тәжірибе кезінде жасаған көрнекіліктерінен қойылған көрмені тамашалаудан басталды. Көрмеге Ашық тәрбие сағаттары мен Ашық сабақтарында пайдаланылған қабырға газеттері, көрнекіліктер, презентациялар, дидактикалық материалдар мен мектеп директоры марапаттаған алғыс хаттары қойылды. Көрме қорытындысы бойынша "Үздік мамандық", "Үздік факультет" номинациялары сарапқа салынды. Барлық мамандығы жоғары деңгейдегі нәтижелерін көрсете білген атап айтқанда География, Биология, Химия, Физика, Математика мамандықтарының көрмесі "Жаратылыстану және математика" факультетін "Үздік факультет" номинациясына алып шықты. Көрікті көрнекіліктері мен буклеттерінің ерекшелігімен "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы "Үздік мамандық" номинациясын жеңіп алды.

Университет ректоры педагогика ғылымдарының кандидаты доцент, С.С. Дайырбеков 4-курс студенттерінің іс-тәжірибеден сәтті өткендігімен құттықтай отырып, мектеп директоры мен мектеп ұжымын алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ іс-тәжірибенің орнықтыру конференциясында жариаланған байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер де марапатталды. Байқауға жалпы 21 студент қатысып, әр факультеттің үздіктері анықталды. Олар:

"Болашақ үздік мұғалім" номинациясымен БПӘ-12 тобының студенті З.Б. Қалтай, Физ-12 тобының студенті А. Орынбаева, Бөс-12 тобының студенті А.Б. Ағатай марапатталса, "Үздік ашық сабақ" номинациясымен Тар-12 тобының студенті Б.Ж. Асықбаев, Гео-12 тобының студенті С. Серікбайұлы, Ко-12 тобының студенті Ұ.С. Әбдіманап марапатталды, ал "Үздік ашық тәрбие сағаты" номинациясымен ПП-22 тобының студенті А.Н. Алимкулова Хим-12 тобының студенті С.Т. Құлтаева, Муз-12 тобының студенті Е.Г. Құралова марапатталды. Байқауға қатысқан барлық студенттер арнайы дипломдармен марапатталды.

Б. Момышұлы мектеп гимназиясының тәрбие істері жөніндегі директор орынбасары Сәрсенкүл Жақаншақызы университет студенттеріне деген ризашылығын білдіріп, олардың жауапкершілігін, білімділігі мен тапқырлығын сөзге тие кетіп, осында маман даярлап отырған университет басшылығы мен профессор-оқытушылар қауымына өзінің алғысын білдірді.

№122 жалпы орта мектебінің оқу істері жөніндегі директор орынбасары Сапаров Жандос университетке ризашылығын математика мамандығының студенті Сундетуллаева Жансаяны мектепке жұмысқа қабылдайтындығын айтып, басқада студенттеріміздің біліктілігін, жауапкершілігін ізденімпаздығын атап өтті.

Сонымен қатар студенттердің жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейде қалыптасуына жағдай жасаған іс-тәжірибе жетекшілері мен әдіскерлері де өздерінің қорытынды пікірлерін білдірді.

"Болашақ үздік мұғалім" номинациясының жеңімпаздары БПӘ-12 тобының студенті З.Б. Қалтай және Физ-12 тобының студенті А. Орынбаевалар өздерінің іс-тәжірибе кезеңіндегі іс-әрекеттерінің қандай көрініс алғандығын, оқушылармен жұмыс жасаудың қиыншылығы мен қызығын, болашақ маман үшін іс-тәжірибенің алатын орны мен маңызын, теория мен практиканың байланысын айқындайтын ой-пікірлерін білдірді.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы, Университет студенттерінің іс-тәжірибе жетекшісі



Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz