қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














6.11.2017

ФОРУМҒА ШАҚЫРУ

«Сырдария» университеті 2017 жылдың 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өткізілетін «Болашақтағы білім беру» атты 1-ші халықаралық форумға қатысуға шақырады.

Форум ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға арналған алаң болып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруда, диверсификациялау мәселелерін шешуде әртүрлі елдердің ғылыми ұйымдары мен оқу орындарының ғалымдары арасында пікір мен тәжірибе алмасуға және бірлескен тәсілдерді құруға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар жоғары және орта мектептердің өкілдерін бірлескен ғылыми-практикалық жұмысқа тарту, білім берудегі қазіргі үрдістерді талқылау және жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіретін инновациялық алаң құруды көздейді.

Форум аясында негізгі спикерлер ғылым мен білім берудің жетекші өкілдері, іскер топтар мен сарапшылар баяндамалары, сондай-ақ дөңгелек үстелдер, көрме, ғылыми инновациялық жобалар конкурстары жоспарланған.

Форум бағдарламасы барлық қонақтардың мүдделерін ескере отырып құрастырылған. Оның негізгі бөлігі мұғалімдерге, оқытушыларға, мектеп директорларына, ғылым мен мәдениет өкілдеріне, кәсіпкерлерге бағытталған.

Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның алдынғы қатарлы университеттерінің және оқу орындарының көшбасшыларының халықаралық симпозиумы форумның негізгі іс-шарасы болып табылады. Күн тәртібінде бірыңғай білім беру ортасын қалыптастыру және барлық адамдар үшін сапалы білімнің қолжетімділігі.

Форум аясында:
• Білім және ғылым саласындағы әлемдік тәжірибені талқылау;
• Ғылыми инновациялық жобалар конкурсы;
• Үздік оқытушылардан мастер-класс;
• Үздік оқу-әдістемелік кейстер конкурсы;
• Қолданбалы өнер көрмесі;
• Қатысушылардың оқу, ғылыми, әдістемелік еңбектерінің көрмесі.

Форумға қатысу тегін. Форумға қатысу үшін 2017 жылдың 8 қарашасына дейін тіркелуіңіз керек.

Форумның өтетін орны: Жетісай қаласы, М.Әуезов 11.
Күні: 14.11.2017 Басталуы: 09:00.
Тел: 8(725-34)6-26-93, +7707-6662282,
E-mail: nauka.syrdariya@mail.ru

Біздің форум сіздердің мүдделеріңіздің заманауи талапқа сай, олардың неғұрлым тиімді және нәтижелі болуына ықпал жасайды деп үміттенеміз.

Құрметпен, «Сырдария» университеті


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Бітіруші тyлектер

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу