қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№44 (334) 6.11.2015 жыл, 1 бет

Өнерлі тұлғаның өнер кеші

Жетісай драма театрында бүкіл саналы ғұмырын күй өнеріне арнап келе жатқан "Сырдария" университетінің профессоры, дирижер, күйші, сазгер Бөрі Исаның өнер кеші өтті.

Кеш өнер саласындағы тұлғаның 70 жылдық мерейтойына арналды. Кеште айтулы тұлғаның өз орындауындағы күйлері көрермен қауымның биік талғамына ұсынылды. Өзі шығарған күйлер терең иіріммен, асқақ сөзіммен орьндалды. "Жетісай сазы" оркестрінің орындауында тағы бір биік тұлға, ақьн Әлібек Мейірбекұлының сөзіне жазылған "Армысың XXI ғасыр" либреттасы көрерменнің жадын жаңғыртумен, рухын тіктеумен ерекше сипат алды.

Кеште күйші, сазгер, дирижер Бөрі Исаның қазіргі таңдағы орьндаушылық, күйшілік, сазгерлік қырлары жан-жақты көрінді.

Өнер кешінде өнер иесінің атына ыстық ыкыласқа тола жылы лебіздер көп айтылды. Марапаттар табысталды. "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев, аудан әкімінің орынбасары Әлішер Есенбеков аудандық маслихаттың жауапты қызметкері Ибрагим Молдабек, ардагер ағалар Тойым Жүнісов, Тайьрхан Дасаев және тағы басқалары шынайы ықылас-ниеттерін білдірді.

Өнер кешін аудаңдьқ ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков жүргізіп отырды.

Н. ҚАДЫРБАЕВ.



Күй-қисса, сыр-қисса – Бөрі Иса

Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz