қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












06.03.2018

Арулар - асыл жандар


Бүгін көктемнің шуақты мерекесі ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ салтанатты түрде тойланды. "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті мен Жастар комитеті қолға алған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Нәзік жандыларға арналған кеш университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбековтың құттықтауымен басталды. Жүргізушілік тізгінін ұстаған Жастар комитетінің төрағасы, 2017 жылы Чемпион атанған "Сырдария құрамасының" жетекшісі Марат Сәрсенбаев аруларға арналған салтанатты әзілмен әрлесе, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері заманауи билерімен, әндерімен қалың жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Университет студенттері поэзия маржандарынан шашу шашып, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін асыл жандарға арнап "Тәтті ару", "Қыздар-ай", "Гүл сыйлайық әйелге" т.б. әндерді орындады.

"Сырдария құрамасының" мерекелік әзілдері мен қалжыңдары көрермендерді күлкіге батырды. Сонымен бірге биылғы мерекелік кештің айрықша болған сипаты – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің "Миллион" жайдарман командасының кешімізде арнайы қонақ болып, өнер көрсетуі.

Университеттің нәзік жандылары бұл құрметке жылдың әр күнінде лайық деп санаймыз.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу