қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

5.10.2016

"Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" атты поэзия кеші болып өтті

Поэзия – сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы. Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Біздің ғасырымыздың әрбір күні бір-бір жаңалық, календарьдың жұлынған әр парағы бір-бір тарих болып отыр. Кешегі жаңалық бүгін үшін тарих. Бүгінгі жаңалықты ертеңгі күні тарихқа айналдыратын да сол жаңалық. Поэзияның жаңашыл жанр екені жалпыға аян. Ол жаңаның жаңасын, жақсының жақсысын, кешегі күннің тәжірибесіне сүйене отырып, ертеңгі күнге естіртіп, соған өлшеп айтуға тиіс. Сонда ғана ол - осы күні көп айтылып жүрген, дәуір тынысы, Уақыт рухы деген талаптар деңгейінен шыға алады.

   Осы орайда қазан айының  5-жұлдызы күні "Сырдария" университетінің   Студенттер үйінде кең көлемде "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" атты поэзия кеші болып өтті.

Кешке "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы, ғылым магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы қонақ ретінде қатысты.

 Бүгін біздің басымызды қосып отырған бір әлем бар, ол   поэзия әлемі. Барлығымыздың жүрегіміздің түкпірінде поэзия әлеміне бастар жол бар. Әрине, оны жарыққа шығарып, басқаларға жеткізе алатындай, айналаға терең көзқараспен қарай отырып, өз жүректерінен шыққан сырларын ықыласпен айта білетін студент жастар бар.

Поэзия досым менің күй аңсаған,

Өзімді, өмірімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялданған,

Шапағың бар шаттығын құяр маған, – деп Мұқағали ағамыз жырлағандай, поэзия кереметтері жайлы өлең жолдары бірінен кейін бірі орындала бастады.

Поэзия әлемінің патшасы М. Мақатаевтың Абдраманова Гүлдәурен "Поэзия", Закария Ақмарал "Ана, сен бақыттысың", Аманулла Назерке "Өмір керек", Айдар Гүлзина "Арулар - асыл жандар", Оразбаева Жанар "Әйелдер-ай", Сұлтанбекова Аяулым "Соқыр ана" өлеңдерін төгілте орындаса, Асанова Тоқжан Р.Ғамзатовтың "Ана тілі", Қуаныш Айкүміс "Письмо Татьяны к Онегину", Аманқұл Айсұлу М.Шахановтың "12-3=?", Өсербай Ақмаржан А.Құнанбаевтың "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап", Егемберді Маржан А. Сабырхановтың "Мақтааралым - мақтанышым", Асанова Ақерке Т.Айбергеновтің "Ана", Байтиллази Жазира "Ана туралы" монолог, Тәжен Асылбай Б.Арыстанның "Жүректесің", Байтиллази Жазира мен Серік Амангелдінің орындауындағы "Махаббат поэзиясы", Түзелханова Айжан М.Сұлтанқожаұлының нақыл сөздері көрермендерді тебірентпей қоймады.

Сонымен қатар, өз шығармашылығынан Данияр Асылбектің "Туған тілім", Асанғали Мұқағали "Мен ғашықпын жаны жаралы", Абдраманова Гүлдәурен "Сен кеткен соң" өлеңдері де әсерлі орындалды.

Кеш Тұрғанбаева Мериза мен Иманбетова Аружанның "Бір бала", Шыныбай Нұрдәулеттің "Сәби бақыты", "Анашым" әндерімен аяқталды.

Сөз кезегін Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы алып, поэзия әлемінен алған әсерінің ерекше екендігіне тоқталды.

Осы кеште өз өнерлерімен көрермен қауымды тәнті етіп, белсенділік танытқаны үшін бірқатар қатысушы студент жастар университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Сырлы кеш сәтінен қатысушылар естелікке суретке түсті.

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3-курс студенті Аманқұл Айсұлу Сәкенқызы


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу