қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

5.03.2014

"Мерекеңмен, аяулы арулар!" атты іс- шара

5 наурыз күні студенттер үйінде «Мерекеңмен, аяулы арулар!» атты мерекелік кеш болып өтті. Көңілдерімізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, әйелдерге деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар мен арулар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек әйелдермен ажарлы. Кеш осы ару да, сымбатты қыз-келіншектер құрметіне арналып өтілді.

Кешке арнайы тәрбие істері жөніндегі проректоры Б.Курбаналиев, «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы, «Дайындық бөлімі» деканы Г.Сапармұратова, кітапханашы С.Батырхановна, Б.Мырзагелдиева т.б. оқытушылар қатысты.

Кеште М.Мақатаевтың «Арулар» өлеңімен Д.Абдуллаев, С.Молдатәліптің «Мама», «Айналайын» әні, «Химия және биология» факультетінің студенттерінің «Көктем шуағы» атты би қойылымы мерекенің ажарын ашса, «Үміт інілері» КВН командасы, Дайындық бөлімінің студенттері өз өнерлерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Дайындық бөлімінің студенттері аяулы ұстаздар мен ару қыздарды мерейлі мерекелерімен құттықтай отырып, сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті. Мерекелік кештің соңы би кешіне ұласты.



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу