қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












04.05.2018

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Бүгін "Жаратылыстану", "Математика және экономика" факультеттерінің бірлесуімен "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мен "9 мамыр – Жеңіс күні" мерекесіне орай мерекелік кеш өткізді.

Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік шарада факультет студенттері ерлікке бастаған көріністерді сахналады. Ұлы Отан соғысының батырлары М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигелдинов, Х.Доспанова, Б.Момышұлы т.б. жеңіске ұмтылған ерліктері бейнебаян арқылы көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.

Университет ректоры С.С.Дайырбеков атаулы мерекемен барша халықты құттықтап, арамызда саны азайып бара жатқан ардагерлерді студент жастардың құрметтеп, қадірлеуі парыз екенін айтып, жас азаматтарымыз отан алдындағы қызметін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Мерекелік кеш барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеге келген әндерді орындап, би билеген факультет студенттерінің патриоттық жалыны көздерінен көрініп тұрды.

Сонымен бірге аудандық және облыс көлемінде ұйымдастырылған спорттық шараларда университет намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып келген бірқатар студенттер университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу