қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
















4.04.2017

Кәсіптік практика – кәсіби маман даярлаудың кепілі.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында "Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек - деген сөздерімен кәсіби маман даярлаудың негізгі бағытын айқындап берген болатын.

Осыған орай "Сырдария" университетінде білім мен кәсіби бағыт жүйелі жүргізіледі. Жуырда білім бағытындағы мамандықтар 8 апта педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, өнер бағытындағы мамандықтардың студенттері 10 апта өндірістік практикадан өтті.

Осы аталған кәсіптік практиканың нәтижелерін, көрсеткіштерін түйіндеу мақсатында 29 наурыз күні "Қазақстан" студенттер сарайында үлкен көлемде 2016-2017 оқу жылындағы бітіруші курс студенттерінің қорытынды конференциясы өткізілді.

Конференцияға практика базаларындағы тәрбие және оқу істері жөніндегі директор орынбасарлары мен университет құрылтайшысы мен ректоры, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері және әдіскерлер қатысты.

Конференция студенттердің практика кезінде жасаған көрнекіліктерінен қойылған көрмені тамашалаудан басталды. Көрмеге Ашық тәрбие сағаттары мен Ашық сабақтарында пайдаланылған қабырға газеттері, көрнекіліктер, презентациялар, дидактикалық материалдар мен мектеп директоры марапаттаған алғыс хаттары қойылды. Сондай-ақ кейбір мамандықтар практика кезінде өткен ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарының бейне таспаларын ноудбуктары арқылы көрермендерге паш етті. Көрме қорытындысы бойынша "Үздік көрнекілік" номинациясымен "Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі" мамандығы марапатталса, Дизайн мамандығы практика кезінде жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдары мен ұлттық киімдері арқылы ІІІ орынға ие болды. Биология мамандығы өздерінің сан алуан көрнекіліктері мен жеткен жетістіктерін көрсете біліп ІІ орынға табан тіреді. Ал Шет тілі: екі шетел тілі мамандығының суденттері жасаған көрнекіліктері, мектептен алған алғыс хаттары, өткен ашық сабақтары мен ашық тәрбие сағаттарын бейне-роликтер арқылы көрсетуі оларды І орынға алып шықты.






Көрме-байқауының қорытындысын арнайы бекітілген әділ қазылар алқасы шығарды. Атап айтқанда төрағасы, Оқу істері жөніндегі проректор т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов, және мүшелері Тіркеу офисінің басшысы Т.Ф. Ахмед және Оқу-әдістемелік басқарма басшысының орынбасары Б.С. Тоқмырзаев өздерінің әділ бағаларын берді. Көрменің сан-алуандығы мен жаңашылдығы қазылардың шешім қабылдауына қиындық туғызды.

Конференцияны ашып берген университет ректоры педагогика ғылымдарының кандидаты доцент, С.С. Дайырбеков 4-курс студенттерінің практикадан сәтті өткендігімен құттықтай отырып, көрме жеңімпаздарын марапаттады.






Практика базаларындағы жетекші мамандар мен басшылар және ұстаздар қауымы конференциямызға келіп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттеріміздің білімін, әдебін, талпынысы мен жауапкершілігін баса назарға алып, университеттің басшылары мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар студенттердің жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейде қалыптасуына жағдай жасаған практика жетекшілері мен әдіскерлері де өздерінің қорытынды пікірлерін білдірді.

Конференцияда сөз сөйлеп, практика кезеңіндегі іс-әрекеттерінің қандай көрініс алғандығын, оқушылармен жұмыс жасаудың қиыншылығы мен қызығын, болашақ маман үшін практиканың алатын орны мен маңызын, теория мен практиканың байланысын жоғары деңгейде жеткізе білген студенттеріміз барлық қатысушыларды ерекше сүйсіндірді. Атап айтқанда "Жаратылыстану және математика" факультетінің "Химия" мамандығының студенті А.Н. Тулентаев, "Өнер" факультетінің "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының студенті Д.Б. Молдабекова "Гуманитарлық білім" факультетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенті А.М. Аманжол және Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенті Ж.М. Махмуд өздерінің сан алуан пікірлерімен кәсіптік практиканың жоғары деңгейде өткендігін дәлелдей түсті.

Практикада болған студенттеріміздің білімі мен іскерлігіне, ұстаздық болмысына, жауапкершілігіне, риза болған мектеп оқушылары, конференцияның болатынын есітіп, өзінің ой пікірін айтып, ризашылығын білдіруге арнайы келген А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қадір Айман саналы ой-пікірлерін білдірді. Ол өзінің 6 жылдан бері Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсемін деп жүрген арманын практикада жүрген студенттердің өзгертіп, "Сырдария" университетіне оқуға түсемін деген шешімі барша университет ұжымын қуантты.



Кәсіптік практика студенттің аяғынан маман ретінде нық тұрып, кәсіби шеберлігінің қалыптасуына мол мүмкіндіктер беретін оқу үдерісінің ең биік шыңы. Сәби өз еркімен жүруі үшін қаншама талпыныстар жасайды, сан рет жығылады, қайта тұрып жүру үшін бар күшін салады, ал бірнеше қадам баса қалса, өзіне деген сенімі пайда болып, жүруге деген құлшынысы одан әрі арта түседі. Кәсіби маман болу үшін де дәл осы сәбидің талпынысы, шыдамдылығы, мақсатына деген табандылығы өте қажет. Сол бір алғашқы қадам, алғашқы жығылу, қайта тұру практикада болып өтпесе, маман болып, жұмыс атқарып жүргендегі қадамдар, жығылулар кез-келген маманның абырой беделін түсірері анық. Сондықтанда практикада әрбір уақытын ұтымды пайдалана алған әрбір студенттің болашағы жарқын, келешегі кемел болары анық. Кәсіптік практика – студенттің білімін кәсіби шеберлікпен ұштастырып, білікті маман етіп даярлаудың кепілі болмақ.



Файзиев Нұржан Сапарханұлы, Университет студенттерінің кәсіптік практика жетекшісі



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

ПнВтСрЧтПтСбВс
free counters
2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу