қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

31.08.2016

Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Ағымдағы жылдың 31-тамызында Қазақстан Республикасының Конституция күні – мемлекеттік мерекеге орай, ОҚО мәслихатының депутаты, п.ғ.д., профессор, оқу ордамыздың негізін қалаған, Мақтарал ауданының құрметті азаматы О.Аяшев мырза білім беру саласына қосқан үлесі үшін, ғылыми-педагогикалық қызметі мен педагогикалық шеберлігі қалыптасқан, қоғамдық және саяси өмірге белсене араласатын "Сырдария" университетінің бірқатар профессор-оқытушыларын Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының құрмет грамотасымен марапаттады. "Жоғары математика және физика" кафедрасының доценті ф-м.ғ.к. Қарашева Кульзайра, х.ғ.к., доцент Ибраймов Шыназбек, аға оқытушы Жантөреев Жұмахан, кадр бөлімінің басшысы Бейсенова Ғалия Қабылбекқызы, "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының аға оқытушы Сарайбаев Молдабек Шыныбекұлы, "Өнер" факультетінің деканы, доцент Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы, доцент Исаева Күлайна Әліқұлқызы, ғылым магистрі Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы, ғылым магистрі Қылышев Ерлан Ахметұлы сынды профессор-оқытушылар зор құрметке ие болды.

Фотогалерея

Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Асабаев Жолдас мырзаны "Жетісай қаласының құрметті ардагері" төсбелгісін алуымен құттықтап, творчестволық табыстар тіледі.

Конституция - адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі, мемлекеттік дамудың, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі.

Мәслихат депутаты О.Аяшев мырза университет ұжымына зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, жұмыстарына табыс, сәттілік пен өркендеу тілеп, жылы лебізін білдірді.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Қалыбекова



Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz