қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














30.03.2017

Жайдарман "Сырдария" университетінде


Наурыз айының 30-шы жұлдызында Қазақстан студенттер сарайында 1 сәуір – күлкі күніне орай, Жастар комитетінің ұйымдастыруымен 4 факультет арасында Жайдарман сайысы болып өтті. Сайыс өте қызықты, әрі тартысты болды. Ойын шарты сәлемдесу және көрініс бойынша команда ойыншылары өткір әзілдерімен таңдаған тақырыптарын аша білді.

Қазылар алқасының төрағасы ретінде ауданымыздан шыққан бірінші жайдарманшы, автор, актер Хамит Ердехан, ал қазылар алқасының құрамына Мақтаарал ауданы "Жайдарман" филиалының директоры Сүндет Кенжебаев, ардагер жайдарманшылар Нұрлыбек Мутаев пен Көбеев Бақдаулет, сонымен қатар, "Сырдария" құрамасында ойнаған, қазіргі таңда жеке кәсіпкер Тюльбашев Тохтар сынды әзілден алыстамаған жігіттер ойынға төрелік етті.

Ректордың кубогы үшін сайысқа түскен "Гуманитарлық білім" факультетінен "Гуманитарлық білім" құрамасы ІІІ орынға, "Жаратылыстану және математика" факультетінен "Жеті нұр" командасы ІІ орын, ал "Өнер" факультетінен "Ризамын" командасы І орынды иеленді. Бас жүлдені "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінен "Біздің жігіттер" командасы иемденіп, барлық командаларға ректордың кубогы табыс етілді.

Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" номинациясы "Жеті нұр" командасының ойыншысы Әбдіәкім Сүйіндікке берілді.

"Гуманитарлық білім" өнерде ұзақ жолың,

"Жеті нұр" жігіт пенен қызға толдың.

"Біздің жігіттер" мен үшін чемпиондар,

"Ризамынның" жігіттеріне риза болдым.

Қазылар өнерге бердік баға,

Шынайы әзілдерге күлдік жаңа.

Кубок беріп жатырсыз алғыс Сізге,

Жастардың жанашыры Серік аға.

деген өлең жолдарымен қазылар алқасы университетіміздің ректоры С.С. Сансызбайұлына алғыстарын білдірді.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова

Фотогалерея, 42 сурет



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу