қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР, республикалық қоғамдық-саяси газет
№13 (303) 03.04.2015 жыл

“Жеті сыр" газеті №119 мектепте қонақта
Бұл мектептің басшысы – «Сырдария» университететінің түлегі

Мектеп – кеме, білім – теңіз

Біздің білім ошағымыз 2010 жылдың наурыз айының 1- жұлдызынан бастау алады. "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында реслубликалық бюджет есебінен 1200 оқушыға лайықталып қазақстандық архитектураның соңғы үлгісінде салынған. Мектепте биология, химия және физика пәндеріне арналған арнайы жабдықталған кабинеттер бар. 20 спец сынып бар. Компьютер сыныптары, лингофон кабинеттері, интерактивтик тақталар озық технологияға сай жасақталған.

Шаңырағымызды алғаш көтерген кезімізде көрші ауылдағы Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінен 59 мұғалім мен 846 оқушы ауысып келді. Қазіргі таңда олардың саны 1150- ден асты.

Мектебімізде үздік оқушылар саны жылдан- жылға артуда.

Педагог кадрлардың сапалық құрамында 111 мұғалім тұрақты штаттық бірлікте, 106 мұғалім жоғары білімді болса, 3 жоғары категориялы мамандар бар. 1 санаттағы мұғалімдердің саны -23, екінші санаттағы мұғалімдер -82-ге жетті "Өнерлі ұстаз-2012" облыстық байқауының бас жүлдесін қанжығасына байлаған мектеп директорының инновация істері жөніндегі орынбасары Ғазиза Әлібекқызы Шүкірбаева мектебіміздің ғана емес, ауданымыздың да мақтанышы. Мектебіміздің директоры Сәулеш Айдарқызы Ахметова Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған "Білім берудегі ізденістер мен тәжірибелер" атты мектеп директорларының облыстық I калейдоскопына қатысып III дәрежелі сертификатпен марапатталды. Мектеп басшысының облыстық білім басқармасы, Республикалық "Нұр Отан" партиясының, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алған "Алғыс хаттары” бар.

Сонымен қатар, Қытайдың Тайфей қаласында өткен әлемдік таэквондо додасынан Райымқұл Лаура және Қосмағамбет Айдана жүлделі оралды. Біздің бұл шәкірттеріміз қазір Астанадағы олимпиада чемпиондары резервтерін даярлайтын арнайы спорт мектебінің үздік оқушылары және басқа да көптеген оқушыларымыз көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып мектебіміздің атын Республикаға танытуда.

Мектебімізге алыс және жақын шет елдерден қонақтар арнайы ат басын бұрып, мектебіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылармен пікір алмасып тұрады. Сондай-ақ, Венгр елінен келген делегация біздің мектепте қонақта болып тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Бұндай көптеген игі іс-шаралар әліде жалғасын табады.

Марат АМИТОВ, №119 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндөгі орынбасары.


Алпамыс батырдың атын мектебімізге қойсақ дейміз

Қазағымыздың құты болған қой жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен және Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Қазақстан халықтарыныңассамблеясының 20 жылдығының тұсаукесер рәсімі Отанымыздың жүрегі- Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында 14 ақпанда өткені белгілі. Осы саяси құрылымның арасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері ортақ үйіміз - Тәуелсіз Қазақстанда тату- тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ата Заңымыздың арасында мемлекеттігіміздің мызғымастығы, мәңгілігі жалпақ жұртқа жария болды. Қалалар көркейіп көріктенді. Ауылдар ажарланды. Құдайға шүкір, жаңа Астана салды. Елдімекен, көше, білім ошақтары мен оқу орындары тарихи атауларға ие болды. Қаншама ақындарымыздың, билеріміздің, от ауызды орақ тілді шешендеріміздің аттары берілді.

Қазақтың жерін жоңғар шапқыншыларынан және де басқа басқыншылардан қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігі халық ауыз әдебиетінің арасында ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып келеді. Әрісі Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, берісі Райымбек батыр, Наурызбай батыр, Қара Керей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай, Батыр Баян ...

Біздің өңірде дүниеге келіп, есейіп ержетіп елімізді, жерімізді, халқымызды жаудан қорғау жолында қасық қанын аямаған Алпамыс атамыздың атын мектебімізге алғымыз келеді. Бұл жалғыз менің ғана тілегім емес, көпшіліктің қалауы. Осы орайда мектеп ұжымы жиналыс жасап ата- аналар мен көпшілікке "Білім шаңырағына Алпамыс батырдың атын қойсақ қалай болады?" деген сауал тастады. Жиналыста "Мектепке Алпамыс батырдың аты берілсін" деп көпшілік бірауыздан қолдады.

Қазіргі таңда аномастикал#0066FF; бөлімге мектепте әзірленген құжаттар пакеті толығымен дайындалып, Жетісай қаласының әкімі Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевқа жеткізілді. Тәртіп бойынша қала әкімінен мектепте дайындаған құжаттар аудан әкімінің қол қоюына жеткізілуі тиіс екен. Алайда қазіргі таңда өлара шақта тұрғандай күй кешіп отырған жайымыз бар.

Жеңіс СЕРІКБАЙҰЛЫ, №119 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.


Қазақ қызы - қоғамның қозғаушы күші

Халық даналығында жақсы жарды жарық күнге балайтын. Кез келген әйел ананың өзінің кішкентай бүлдіршінін "Айым, күнім" деп емірене аймалайтын сәттерінің куәсіміз. Демек әйелдер қауымы мынау жарық әлемге нұрын шашып тұратын күн іспеттес десек артық айтпағанымыз. Олардың басты міндеті - ана атанып, өмірге жарық сыйлау, ұрпақ өсіру. Өз шаңырағын шаттыққа бөлеп, отбасының берекесін кіргізіп, айналаны ажарландырып жіберетін айрықша кереметін мойындамасқа амалың бар ма?! Әрбір әйелдің ең басты мақсаты - оның отбасы мен балалары. Меніңше, әйел адамның жетістіктері оның қызметімен өлшенбеуі тиіс. Әйтсе де, бүгінгі заманның талабына сай, ХХІ ғасырдың әйелдері әрі білімді, әрі іскер, әрі белсенді, кез-келген шаруаны дөңгелетіп кетуге бейім түратыны бәрімізге аян. "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен" аналар - біздің қоғамымыздың қозғаушы күші. Кез-келген қиындыққа мойымайтын қайсарлығымен қандай істі болса да, тиянақты атқара білетін қазақтың қайсар қызы еліміздегі барлық салада белсенділік танытып келе жатқаны баршамызға белгілі.

Мәселен, Қазақстан бойынша экономикалық белсенді 8 миллионнан астам адамның жартысынан көбі әйелдер. Ал білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 90% қыз- келіншектер, Парламент қабырғасындағы депутаттардың 20% астамы нәзік жандылар. Яғни, бүгінгі қазақ әйелі отбасы ошақ қасындағы от маздатушы ғана емес, ол ел басқарған әкім, ол - үшқыш, ол-судья, ол- прокурор, ол- генерал. Осы тізімді әрі қарай тізбелей беретін болсақ бірер парақ толатын көлемді тізілім шығары даусыз. Біз бүгін ер кісілерге қарағанда мемлекеттік қызметте істеп жүрген әйел балаларының үлес салмағының көп екенін де айтуды жөн санадық. Қазақ қыздары әншілік пен бишілік өнерінің қыр-сырын жетік меңгеріп қана қоймай қүрылысшы мамандығын үршықша иірді. Лондон олимпиадасында алтыннан алқа таққан аруларымыз Зульфия Шиншанло, Мая Манеза, Ольга Рыпакова, Ольга Шишигина қазақтың көк туын желбіретіп, ән ұранымызды тұманды Альбион аспанында әуелетті. Лондондағы 6 алтын медальдің төртеуі нәзік жандылардың еншісінде бұйырды. Қай ғасырда, қай заманда, қай кезде бұлай болып еді?!

Қазақ елінің атын күллі әлемге паш еткен жасындай жарқылдаған жарық жұлдыздарымыз - қырмызы қыздарымызбен қалайша мақтанбасқа?! Бұлардан өзге Назым Қызайбайды, Зарина Диас сынды қарлығаштарымызбен әр кез мақтанып марқайып отыратынымыз түсінікті де, қалыпты жағдай. Қазақ қыздарының тыныштық күзетінде жүргендері қаншама. Тәртіп сақшылары, әскери қызметшілер, теңізшілер мен десантшылар сапы мен басқа да әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген қыздарымыз көп. Ендеше осынау бірлігі бекем, тірлігі тиянақты тыныштық заманда тату-тәтті де бақытты ғұмыр кешіп жатқан біз сияқты бақытты ұрпақтың болашағы баянды боларына кәміл сенемін.

Ғазиза ШҮКІРБАЕВА, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, бірінші категориялы ағылшын тілі пәні мұғалімі.


АЛТЫП АЛМА - АЛҒЫС АЛ!

Мектебімізде 50 оқушыны бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз ету алғашқы күндердердің өзінде-ақ қолға алынған. Қалталы азаматтар, жаны жайсаң, жүрегі жылы жомарт жандар тарапынан әрбір оқу жылының алдында "Мектелке жол" акциясы аясында әлеуметтік түрғыдағы әлсіз топтағы оқушыларға мектеп формалары, спорттық киімдер, күртешелер мен курткалар сыйға тарту етіледі.

Осы орайда өзінің есімін атамауын өтінген Мақтааралдық азамат 50 оқушыны киім-кешекпен қамтамасыз етті. Жетісай қаласының "Өткелбай" орталық мешіті де көп балалы отбасынан шыққан оқушыларымызды әр оқу жылында сыртқы жылы киіммен киіндіруді дағдыға айналдырған.

Таяуда орта және жоғарғы сынып оқушылары арасында тәтті тағамдар даярлау шеберлігін анықтау мақсатында "Алтын алма - алғыс ал!" атты тақырыпта мектеп ішілік акция өтті. Аталмыш шараға белсене атсалысқан технология пәні мүғалімдеріне айтар алғысымыз шексіз. Саудадан түскен оқушылардың қаражаты 21650 теңгені құраса, тек технология пәні мүғалімдерінің саудалаған өнімдері 6650 теңгені құрады. Саудадан түскен қаражатты әлеуметтік тұрғыдағы әлсіз топ балаларына бөліп беруді қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз мойындарына алды.

Мектеп директоры жоғары категориялы ағылшын тілі пәні мүғалімі, білікті де іскер басшы Сәулеш Айдарқызы Ахметованың бастамашылдығымен көптеген ілкімді істер атқарылып келеді. Біздің бес жыл бойы тындырған шаруаларымыздың бір парасымен ғана сүйікті оқырмандарымызбен бөлістік. Алдымызда алынбаған асулар, біз бағындырмаған биік-биік белестер бар.

Базархан ДАЙРАБЕКОВ, №119 жалпы орта мектептің өлеуметтік педагогы.

Басқа жаңалықтар