қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР, республикалық қоғамдық-саяси газет
№13 (303) 03.04.2015 жыл

Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған студент жастардың форумы

Жетісай қаласындағы "Қазақстан” студенттер сарайында Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған жастардың форумы болып өтті. Бұл жиынға "Сырдария" университетінің, Жетісай техникалық гуманитарлық колледжінің және Жетісай медициналық, сосын Жанықұл атындағы медициналық коллеждердің студент жастары қатысты.

"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Мұзаффар Тұрдықұлов баяндама жасап, қазіргі жастардың Отанға деген патриоттық сезімі туралы кеңінен әңгімелеп, алдағы Президент сайлауында Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруге шақырды.

Осы форумға қатысқан студент жастар мінбеге көтеріліп, өз ойларын ортаға салды.

"Сырдария" университетінің бірінші курс студенті Ермекбай Ермахан:
-Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесіне қатысушылардың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын өзім оқып жатқан "Сырдария” университетінің жастары бір ауыздан қолдады. Елбасы жастар үшін жарқын болашақтың даңғыл жолын ашып қойды. Шет елдерде білім алуға арналған "Болашақ" бағдарламасы, білікті маман иесі атанған жастардың жұмысқа орналасуы үшін "Жол картасы 2020", "Дипломмен ауылға" , "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламалары, соңғы үлгідегі мектептер салуға қаражат бөлуі, "Балапан" бағдарламасы бойынша балабақша санын көбейтуді қолға алуы, "Қолжетімді баспана" бағдарламалары арқылы жас мамандардың алдағы өмірге нық сеніммен қадам басуына септігін тигізеді. Келешек жастардың қолында деген Елбасымыздың сенімін ақтау жастардың мемлекет пен халық алдындағы парызы деп білемін.

Мақтаарал ауданының жалынды жастарын 26 сәуір күні Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруге шақырамын.

"Жетісай" медициналық колледжінің екінші курс студенті Таңшолпан Аппазова:
-Мен, Елбасының телеарналардан сөйлеген сөздерін мұқият тыңдап, халыққа жолдаған Жолдауларын үзбей оқып, өзімнің алдағы уақытта не істеуім керек екенін түсінемін. Жолдаулардың барлығында елдің ел болуына, жастардың болшағына ерекше көңіл бөліп өтеді. Дәл қазір жастар үшін алаңдайтын мәселе жоқ. Өйткені біздер барлық мүмкіншілікке иеміз.

Алдымызда тек қана сапалы білім алып, елімізге адал қызмет жасау мақсаты тұр.

Елбасы барлық уақытта Қазақстан жастарын қолдап-қуаттап келе жатыр. Осындай сын сағаттарда еліміздің әлемдік деңгейге көтерген Елбасының қасында болу жастардың борышы деп білемін. Президент сайлауына түгел қатысыңыздар, өз дауыстарыңыздыН.Ә.Назарбаевқа беріңіздер.

"Жетісай” гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Лөззәт Асқар:
- "Жас Отан" жастар қанатының II сьезі Елбасының қатысуымен өтті. Бұл үлкен жиында он бір бағыттан тұратын "Жастар Отанға" атты бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның стратегиялық маңызы өте жоғары. Оның негізгі мақсаты - мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру екенін бізжақсы түсіндік. Оның ішінде сапалы білім, мәдени даму, бірлік, жастар кәсіпкерлігін және ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысы сияқты басымдықтар, кемел елдің болашағы мен қайнар көзі саналады. Олай болса жастар бүгіңнен бастап жаңа өмірге қадам жасауымыз керек.

Елбасының қолдауымен "Дипломмен ауылға" , "Жасыл ел" "Студенттік құрылыс жастары" бағдарламалары өзінің өміршеңдігін көрсетті. Біз-жаспыз, біз-белсендіміз, біз алдымызға мақсат қойып, оны орындауға дайынбыз. Біз өз Отанымызды шексіз сүйеміз. Жастардың қамқоршысы Н.Ә.Назарбаевпен бірге болу және Президент сайлауында оған дауыс беру баршамыздың міндетіміз деп білемін.

"Жанықұл" медициналық коллөджінің студөнті Мадина Көнөгөсова:
-Ия, біздер бақытты жастармыз, өйткені тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келдік. Еркіндік, жариялылық ұғымдарды терең түсініп, демократия талаптарын жан-жақты игеріп, уайым - қайғысыз, тек қана алға ұмтылу ұстанымымен өмір сүріп келеміз. Қазіргі жастарға Елбасы сенеді және Қазақстанның болашағын біздер арқылы гүлденіп, өркендейтініне үлкен үмітпен қарайды. Жастар сол үмітті еңбегімізбен ақтауға тиістіміз.

Жаңа Қазақстанның тарихын Елбасы Н.Ә.Назарбаевсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Қазақ елі - мәңгілік ел болатынына сенеміз. Қазіргі жастар қадамдарын нық басып, Елбасы салып берген "Нұрлы жолмен" болашаққа бара жатыр. Алдағы Президент сайлауында Н.Ә. Назарбаевты қолдау жастардың борышы деп есептеймін.

«Жеті сыр» ақпарат.

03.04.2015 - Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған студент жастардың форумы
20.03.2015 - Сындарлы сағатта біргеміз. Әнипа Садықова, студент
20.03.2015 - Сайлау елдікке қызмет етеді. Оразкүл ЕШНАЗАРОВА, студент
20.03.2015 - Студенттер таңдауы – Елбасы. Ардақ СЕЙТҚАНОВА, студент
20.03.2015 - Әрине, Елбасы үшін дауыс беремін. Жансая БЕРІСТЕМОВА, студент
20.03.2015 - ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ – ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ. Нұрғали ҚАДЫРБАЕВ


Басқа жаңалықтар