қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














3.11.2017

Мәңгілік ел әліпбиі

Биылғы оқу жылының 2-қазанында «Гуманитарлық білім» факультеті мен «Жастар комитетінің» ұйымдастырумен студент жастардан құралған «Елбасы серіктестері» ұйымының мүшелері дөңгелек үстел өткізді. Жастардың бас қосуына арқау болған тақырып – «Мәңгілік ел әліпбиі».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26-қазандағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілгені белгілі. Жаңа әліпби бекітілді дегенмен, бұл тұрғыда атқарылатын жұмыстар әлі алда.

Осыған орай факультет студенттері Балта Қуаныш, Жұлдызхан Әйгерім, Әуелбек Абай, Оразбахов Абай, Усманова Арайлым баяндама жасап, латын әліпбиін үйренуде қандай шаралар атқаруға болатынын сөз етті. Университет студенттері латынға негізделген қазақ әліпбиі таңбаланған қағаздарды тарату жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Жиын соңында факультет деканы К.Ә. Исаева, баспасөз хатшысы Н.К.Сейлиханова, Жастар комитетінің төрағасы М.Сәрсенбаев тақырыпқа байланысты пікірлерін білдірді.
Белсене қатысқан студенттер арнайы дипломдармен марапатталды.














Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Бітіруші тyлектер

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу