қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














3.03.2017

Университетте алғыс айту күні аталып өтті.


Президент Алғыс айту күні туралы  "Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", – деп атап өтті.

Алғыс айту күні  – Қазақстан халқын біріктіруге арналған "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Бұл күн ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Мерекелік күн "Сырдария" университетінде де өз деңгейінде атап өтілді. "Гуманитарлық білім" факультетінде білім алып жүрген өзге ұлт өкілдерінің студенттері өздерінің ұлттық киімдерімен әсемденіп еліне, президентіне, қазақ халқына, университет ректорына және ұстаздарына деген алғыстарын арнау-өлең түрінде жеткізді.

Сонымен бірге, Қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі және Химия мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен "Шын жүректен мың алғыс" атты ашық тәрбие сағаттары мен ән кештері болып өтті.

Университетімізде алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өте әсерлі де қызықты өтті. Бір-біріне алғыс айту арқылы ұстаздар мен студенттер қауымының арасындағы сыйластықтары нығая берері хақ.




"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу