қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

29.11.2013

Сырдария ғажайыптары атты «Сырдария» университетінің факультет аралық
жайдарман ойындары қарашаның 29-күні болып өтті.

Алғашқы болып шыққан команда өте жас студенттер, болашақ психолог мамандар «Гуманитарлық білім» факультететінің студенттері «Сыр барыстары» командасы болды.
«Сыр барыстары» командасы «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы Күмісбекова Динара ханымға алғыстарын білдірді.
Екінші болып өте талантты,өте көңілді, өте жайдары қыз жігіттеріміз «Гуманитарлық білім» факультетінің құрамасы болашақта тарих және қазақ тілі мамандары өнер көрсетті.

Сәлемдесу шарты бойынша үшінші болып өнерлі,дарынды қазақ аспаптарының кез-келген түрінде ойнайтын «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің құрамасы «Өнер тамшылары» өнер көрсетіп, Сапарбаева Ұлданай ханымға, кейіннен айбынды, ер жүрек, батыр да батыл командалардын бірі өткен жылғы «Сырдария» университетінің кубогінін 1-ші орын иегерлері ДТС құрамасы «Жарайсың Дтс» командасы шықты және факультет деканы Мырзабек Лесбек мырзаға алғыс айтты.

Және нағыз сері жігіттер, салмақты да сабырлы сегіз қырлы,бір сырлы «Химия және Биология» факультеті құрамасы «Сыр серілері» командасы өнер көрсетіп, факультет деканы Дошманов Ескендір мырзаға өз алғыстарын білдірді.

Болашақ физиктер, болашақ экономистер, «Математика және экономика» факультетінің Құрама командасы шығып, факультет деканы Әліпбаев Тұрар ағайға алғыстарын білдірді.

Соңғы болып шыққан өте сымбатты қыздар және бір ғана шырайлы жігіт,өткен жылғы «Сырдария» университетінің кубогы чемпиондары Сырдарияның болашағы, ол әрине «Болашақ Сырдария» командасы өнерлерін паш етіп, факультет декандары Күмісбекова Динара ханымға алғыстарын білдірді.

Ойын 5 турдан болып өтті, олар сәлемдесу, ширату, 5 жаңалық және үй тапсырмасынан тұрды.
Қазылар алқасы ОҚО жайдарман ойындарының үздік ойыншысы Нұралиев Тағай, Республикалық жайдарман ойындарының үздігі Бұрыңғы Авиценна командасының жетекшісі Ақназаров Бағдат, Ғ.Мүсірепов Ж.О.М директоры Ниязбеков Асылбек, Сырдария университетінің Сырдария КZ командасының капитаны Сарсенбаев Марат, Әділ-қазы алқасының төрағасы Мырзакент көпсалалы колледж директоры Әбдіғали Дәуренбек мырза төрелік етті.
Ойын соңы осы үздік ойыншылырдын өз өнерлерін көрсетуімен жалғасты.
Жеңімпаздар аңықталып III-III-орын иегері «Құрама» командасы, II-орын «Сыр серілері» командасы, I-орын «Болашақ Сырдария» командасы, Бас жүлдені «Жарайсың ДТС» командасы қаңжығаларына байлады.



Басқа жаңалықтар

16-желтоқсан «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шарасы
13 желтоқсан күні «Тәуелсіздігім тірегім» атты тақырыпта жатақханада кеш өтті
Жайдарман ойындары қарашаның 29-күні болып өтті
«Студенттік өмір,көтеріңкі көңіл!» атты мерекелік концерт
«Темекі шекпегенің, өзіне зиян етпегенің!» атты аудандық деңгейдегі іс-шара
Қызығы мол студенттік шақтар-ай!
Мектептерден 20 оқушыға «Жаңа компьютерлік технологиялары» біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды
"Сырдария" университетінің 15 жылдыгына орай атқарылатын іс-шаралар


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу