қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

29.11.2016


"Сән және ән" шеруі шығармашылық кеші


"Сырдария" университетінің Қазақстан студенттер сарайында үстіміздегі жылдың 29 қарашасында "Өнер" факультетінің деканы Ұлданай Әлібекқызының ұйымдастыруымен, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын, әні мен сәні жарасқан тамаша шығармашылық кеш өтті. Зал студент жастарға лық толды. Сахнаның безендірілуі де көз тартады.

Талант бұл - өнер. Өнердің музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар. Бүгінгі кеште осы өнер түрлерінің бірнешеуін бір-біріне ұштастыра білген университет жастары Авангард стилінде дайындаған киім коллекциялық сән үлгілерін көрсете білді. Сонымен қатар, "Кәусар" атты киімдер топтамасын, Этностиль, заманауи "Негізгі түстер", "Яркие моменты" коллекциялық киім үлгілерін, "Гламур" атты киімдерін, Этностиль үлгісінде жасалған – "Ырғақ жаратылысы", "Создание ритма" киімдер топтамасын үлкен ықыласпен тамашаладық.


Университетіміздің Назерке би тобының орындауындағы билері, Өнер серілері КТК әзілдері мен шырқалған әндер кешіміздің шырайын аша түсті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар кеш соңында естелік ретінде суретке түсті.

Басқа 40 сурет, фотогалерея

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу