қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

29.09.2016

"Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік"

"Ұстаз" ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Осы орайда, қыркүйек айының 29 жұлдызында "Сырдария" университетінің "Қазақстан" студенттер сарайында "Жаратылыстану және математика" факультетінің ұйымдастыруымен, ұстаздар қауымының төл мерекесі және кеше ғана университет табалдырығын аттаған жастарымызды студент қатарына қабылдау кеші болып өтті. Кеш шымылдығы "Құқық және экономика" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Серіков Бегім Серікұлы, "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, профессор Бөрі Иса, ф.ғ.к., доцент, ғалым хатшы Әбенова Ләззат Усманқызы, х.ғ.к., доцент Ибраимов Шыназбек сынды профессор-оқытушылар құрамының құттықтауларымен ашылды. Бір ерекшелігі құттықтаулар бейнебаян арқылы берілді.

Жамалбек Ләззат "Ұстазым менің – ұстазым", Құрман Айсұлу "Алға" Азатбай Сағи "Жастық шақ", Жандосқызы Махабат "Ұстазым" атты әндерімен кешті жалғастырды.

4-курстың студенттері 1-курс студенттеріне білім ордасының кілті мен сынақ кітапшасын салтанатты түрде табыс етті.

Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков студент қатарына қабылданған білімгерлерді және барша әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Кештің сәнін факультеттің мың бұралған биші қыздары келтіре түсті. "Жаратылыстану және математика" факультетінің КТК команда жігіттері өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік көңілінен шықты.

Нұсқабай Нұрсұлтан "Жаным қазақ", 1-курс студенттері Аружан мен Мерейзаның "Ұстаздарға мың алғыс" әні, Жансая мен Назираның орындауында "Біздің ағай тамаша", Елтонов Нұрлыбек "Гүлім" әнін, Сраилов Шыңғыстың орындауында "Сезімді қайтейін" атты әндері ұстаздар құрметіне арналды.

Мерекелік кеш "Мерекем" әнімен аяқталды. Кеш соңында студенттер естелікке суретке түсті.



Басқа суреттер, фотогалерея (25 сурет)

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Археология

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz