қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Хабарландыру!

Құрметті мектеп бітірушілер
Сіздерді «Сырдария» университеті 29.04.2014 ж. сағат 1400- де өтетін «Ашық есік» күніне шақырады.

"Сырдария" университеті - қасиетті Мырзашөлдің төріндегі бірден-бір жоғары оқу орны.
"Сырдария" университеті - жер жәннаты атанған Жетісайға
білім мен ғылым нұрын шашып тұрған бірегей университетке айналған.



Мектеп түлектері мен ата-аналар назарына!
"Ашық есік" күніне шақырамыз

"Сырдария" университеті - мақтаулы Мақтаарал ауданындағы жалынды жастар жоғары білім алып, ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет жасап жүрген айтулы білім ордасы.

Осынау 15 жылдан астам өзіндік тарихы бар университет. Сіздерді, мектеп түлектері мен ата-аналарды, "Сырдария" университетіне жылы шырай танытатын жандарды "Ашық есік" күніне шақырады. "Ашық есік" күніне арналған іс-шаралар 29 сәуір күні сағат 14.00-де басталады. Бағдарламада университеттің лқу ғимараттарымен, мұражайымен, кітапханаларымен, инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен танысу белгіленген.

"Қазақстан" студенттер сарайында қалаған мамандықтар және жоғары оқу орны жөнінде профессор-оқытушылармен сұхбат өтеді.

Университет жайлы деректі фильм ұсынылады. Концерттік бағдарлама де ешкімді бейжай қалдырмасы хақ. Соңынан қызықты көркем фильм көрсетіледі.

«Ашық есік» күні бағдарламасы:

Р/с

Бағдарлама мазмұны

Уақыты

1

Келушілерді тіркеу (университеттің бас оқу ғимараты)

1400-1430

2

Университеттің оқу ғимараттарымен танысу (мұражай, кітапхана, инновациялық ғылыми зерттеу орталығы)

1430-1500

3

Қазақстан студенттер сарайында мамандықтар және университет туралы профессор-оқытушылармен сұхбаттасу

1500-1530

4

“Сырдария” университеті туралы кинофильм

1530-1550

5

Концерттік бағдарлама

1550-1630

6

Кинофильм көрсету

1630-1800

Құрметті мектеп бітірушілер өздеріңіздің таңдаған мамандықтарыңыз және жоғары оқу орнына түсу ережелері туралы мағлұматтарды осы «Ашық есік» күніне келіп біле аласыздар.

Мекен-жайымыз: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №11,
«Сырдария» университеті, Бас оқу ғимараты.

Басқа жаңалықтар