“Сырдария” университеті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөніндегі
республикалық ақпараттық-насихаттық топтың
Мақтарал ауданы «Сырдария» университетінде өткізген кездесу-жиынның

ХАТТАМАСЫ
«Сырдария» университеті 29.03.2012 ж
Жетісай қаласы сағат 18:30

Республикалық ақпараттық топ мүшесі:
- Д.Әділханов – ҚР Экономикалық даму және сауда министірлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары
- М.Тасқынбаев - ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы
- Ә.Әбжанов - Аудан әкімінің орынбасары

Галерея

«Сырдария» университетінде 29 наурыз күні ҚР Экономикалық даму және сауда министірлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы, ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Тасқынбаев Мұхтар Әбдісейілұлы, аудан әкімінің орынбасары Әбжанов Әділхан Досыбайұлы қонақта болып, университеттің оқу базасымен танысты.

Қонақтар ең әуелі «Орталық кітапханадағы» кітап қорымен, электронды оқулықтармен, ОБСӨЖ тапсырмаларымен танысып, өздерінің сұрақтарын қойды.
Электрондық оқулықтар мен ОБСӨЖ тапсырмаларына жауапты кітапханашы Тілеуханова Ақмарал оқу базасымен таныстырып
қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Электрондық оқулықтар мен ОБСӨЖ тапсырмалары жайлы қонақтарға толық мәліметтер берілді. «Сырдария» университетінің ОБСӨЖ бөлімінде 25 мамандық бойынша 4383 ОБСӨЖ тапсырмалары, 3800 маб тапсырмалары, 3920 аралық қорытынды бақылау тесттері, 2123 электронды оқулықтар, түрлі басылымдар (газет-журналдар), университетіміз профессор-оқытушыларының ғылыми еңбектері және ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер орын алған.

Студенттеріміз ОБСӨЖ (оқытушының бақылауымен студенттің өзіндік жұмысы) тапсырмаларынан берілген тапсырмаларын алып, осында отырып, ғаламтор жүйесінен, электронды оқулықтардан, қордағы оқулықтардан, түрлі басылымдардан пайдалана отырып орындайды.

Университет профессор-оқытушылар, ғылымдағы жаңалықтармен студенттерімізді таныстыру мақсатында үздіксіз көрмелер ұймдастырылады.

Сонымен қоса «Орталық кітапханада» болған қонақтарымыз «кітапхана қорында қанша кітап бар?», «оқырмандарға қанша тілде кітап беріледі?» деген сұрақтар қойылды. Оған кітапханашы Тұрманова Мадина жауап берді.

«Сырдария» университетінің орталық кітапхана қорында 270000 мың кітаптар бар. Кітапханада француз, орыс, ағылшын, қазақ, өзбек тіліндегі оқулықтарды оқырмандар пайдаланып келеді. Унриверситеттің «Орталық кітапхана» қорынан студент жастар, профессор-оқытушылармен қоса сыртан келуші оқырмандар да пайдаланады.

«Сырдария» университетінің атқарушы ректоры С.Мамраимов бастаған қонақтар 2010 жылы ашылған «Инновациялық зерттеу орталығына» барып атқарлып жатқан істермен таныс болды. Қонақтар өздерінің «Химия бағыты бойынша инновациялық зерттеу орталығы қандай ғылыми жұмыстармен айналысуда?», «Биология бағыты бойынша инновациялық зерттеу орталығында қандай зерттеу жұмыстары жүргізілуде?» деген сұрақтарын қойылды. Бірінші сұрақ бойынша «Биология және химия» факультетінің деканы Абдіразақова Перизат жауап беріп химиялық зерттеулер жүргізілетін құралдармен таныстырып өтті. «Органикалық және аналитикалық реагенттердің электрондық құрылыстарын зерттеу арқылы олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз ету». Халық шаруашылығы үшін маңызы үлкен болған әртүрлі объектілер құрамында ұшырайтын қасиеттерін белгілеуші заттардың электрондық құрылысын квант-химиялық және спектрофотометриялық әдістер жәрдемінде жан-жақты зерттеу.

Қазіргі кезеңде квант-химиялық есептеу бағдарламасын (жеке компьютерлер үшін) үйлестіру (ыңғайластыру) жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта тексерілуді және зерттелуді қажет ететін объектілер көп. Мысалы үшін адам ағзасында жүрек аураларын емдеуде бірқатар флавон және флавоноидтар туындылары қолданылады. Олардың әсер ету ықпалдылығы мен қасиеттерін іздестіру үшін жоғарыда айтылған бағыт бойынша электрондық құрылысын және
спектрофотометриялық қасиеттері жан-жақты зерттелу керек. Бұл зерттеу жұмыстарының өзі эксперименттік ғылыми ізденуге анық, айқын жол ашады. Соған байланысты инновациялық зерттеу орталығы соңғы шыққан зерттеу құралдарымен жабдықталып, студент жастардың терең білім алып, ғылыммен айналысуына үлен мүмкіндік жаратылуда.

Екінші сұрақ бойынша инновациялық зерттеу орталығының меңгерушісі Шотаева Маржан жауап беріп, биология саласы бойынша қолданылатын зерттеу құралдарымен таныстырды.

1. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда «Энтомофагтарды» пайдалану. Энтомофагтар өсімдік дамуынң негізгі факторларын өзгертіп, зиянкестер адаптацияланған жағдайды өзгертеді, соның есебінен олардың тигізетін зиянды әсерін азайтып, пайдалы жәндіктерінің өсіп - өнуіне жағдай туғызады. Нәтижесінде өсімдіктердің жылдам өсіп дамуына жағдай туады, өз кезегінде ол өсімдіктің артуына септігін тигізеді.

2. Мақтарал өңірінде «Хлорелланы» лабораториялық жағдайда өсіру және ауылшаруашылығында пайдалану. Хлорелла суспензиясында бақша дақылдарының ұрығын (қауын, қарбыз т.б) 23 -30 сағатта ылғалдандырып егу жақсы нәтиже береді.Ұрық 1-2 күн ерте шығады, өсуі және дамуы жылдамдайды.Өнім 15 -20 % артады. Сонымен бірге топырақ құнарлығы артады.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы - республиканың мақта өсіретін негізгі аймағы болғандықтан мақта шаруашылығында «Мақтаның сорттарына қарай талшықтарының ұзындығын» анықтау.

Міне осы бағытта «Сырдария» университетіндегі «Инновациялық зерттеу орталығы» бір лабораториясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық жағдайлар жаратылған. Атап айтқанда, соңғы үлгідегі модель 6300 (6320D) JENWAY спектрофотометрі, Consort NV рН метрі, PALETTE сандық (цифровые) рефрактометрі, ТС-1/80 СПУ термостат, серия YA-ZD электрлік дистилляторы, модель ВL аналитикалық және электрондық таразылар, ауа сорғыш шкаф, оМо-С11 микроскоп және басқа да ғылыми ізденістерді жүргізуге арналған қондырғылармен жабдықталған.
Жыл сайын реактивтер мен сұйықтықтар, қышқылдар жаңартылып отырады.

Қонақтар сонымен қоса, физика мамандығына арналған жаңа құралдармен жабдықталған лобаратория кабинетінде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен жауапты зертханашы Улукбаев Қанат таныстырды.

Инновациялық зерттеу орталығында физика бағыты бойынша, күн элементінен пайдаланатын құралдар электрлік қоректенуі талап етпейді, мұндай қасиет әсіресе тұрақты түрде электр мен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ болған жерлерде маңызды болып есептеледі.

Бұл құралдар студенттердің творчестволық пікірлеуін дамытады, физикаға қызығушылығын арттырады. Лабораторияда приборларды қолдану функцияналдық мүмкіншіліктері кең, яғни бір құралдың өзінде бір-бірінде қайталанбайтын функциялары бар. Қазірде инновациялық зерттеу орталығында электр энергияны тиымды пайдалану үшін күн энергиясын ұтымды пайдалану жұмыстар алып барылмақта.

Инновациялық зерттеу орталығы базасында ф.ғ.к. длоцент Қоджахмедов Е, доцент Аяшева Е т.б. профессор-оқытушылар ғылым саласында жемісті еңбек етіп келуде.

Орталықта биология, химия және физика бағыттарында заманауи ғылыми іздену жолындағы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Ботаника» ғылымы шеңберінде Мырзашөл өңірі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы аумағындағы жабайы өсімдіктердің жүйелендірілуі, оларды ағын суларды
тазартуда биологиялық әдістер жасауға ыңғайластырылуы бағытында аумақты жұмыстар жүргізіледі (б.ғ.к.,доцент С.Е.Келдібеков тобы).

«Зоология» ғылымы саласында өңірдегі мәдени өсімдіктерді қорғауда био-зоологиялық әдістерді пайдалану саласында зерттеулер жүргізілуде (аға оқытушы Р.А.Кашкаров тобы).

Әртүрлі мәдени дақылдардың өнімдерін арттыру мақсатында төменгі жиілікті электромагниттік толқындарының әсерін зерттеу (тех.ғ.д.,профессор Ә.М.Әшіров тобы).

Органикалық оксиазореагенттердің және олармен комплекстерінің ерітіндідегі жағдайларын спектрофотометриялық және квант-химиялық әдістермен
зерттеу жұмыстары мен жаңа рационал органикалық фотометриялық реагенттерді модельдеу және оларды аналитикалық қолдану бағытында зерттеулер жүргізілуде (х.ғ.к.,доцент Ч.Ибраимов тобы).

Энергияның сақталу және түрлену заңдарымен, соның ішінде күн сәулесінің энергиясын қолдану жолдарын зерттеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде (физ-мат ғ.к., профессор Е.Ходжахметов).

«Инновациялық-зерттеу орталығында» магистранттар, ғылыммен айналысатын профессор-оқытушылар құрамына толық мүмкіншілік жасалуда.

«Сырдария» университеті Тәрбие істер жөніндегі проректор: Д.Болысбаев

Галерея


Басқа жаңалықтар

Жеңістің – 67 жылдығына орай
15 сәуір - қазақтың махаббат мерекесі
29.03.2012 ж. қонақтармен кездесуі
25-27 наурыз, Психологтардың тренингі
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ
23.02.2012 жылы “Кітапхана, студент және ұстаз” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізілді
«Есірткіге есің кетпесін» акция
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
Оқытушылар арасында «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Ақтық сын «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Магистрант арасындағы «Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
«Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
Мұқағали Мақатаев 81 жаста
«Екі жұлдыз» байқауы
Сайлауалды кездесу
Семинар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Сайлаудың қорытындысын талдау
«Дамудың сенімді кепілі - жастар» атты дебат турнирі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта кездесу
Елбасының жолдауы – халықты қолдауы
«Тәуелсіздік тірегі - жастар» атты автошеру
«Жалындаған жастар» атты жаңа жылдық кеш
«Өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды» атты акция
«Жаңа жыл – жаңа белес»
“Тәуелсіздіктің жиырма шыңы” күнтізбесі
“Дипломмен ауылға” “Ауыл тынысы”
“Түлектеріміз – мақтанышымыз”
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА - 20 ЖЫЛ»
Пән аралық олимпиада нәтижесі туралы мәлімет
Пресс-Релиз ақпараттық жүйілер
29.10.2010 - Инновалиялық зерттеу орталығы
5В012000 "Кәсіптік білім" мамандығы ашылды
“Сырдария” университетінің электронды кітапханасы
“Сырдария” университетінің КАТАЛОГЫ
Интерактивті мультимедиа тақтасын оқыту процесінде пайдалану