қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Ән көгінің сұнқары - Шәмші

Жуырда "Сырдария" университетінде "Шығармашылық және жаңа технологиялар" ғылыми мектебі директорының орынбасары Ұ.Ә.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен қазақ халқының сазгері Ш.Қалдаяқовтың "Ән көгінің сұнқары - Шәмші" атты дәстүрлі шығармашылық кеші өтті.

Жастарды өнерге баулу, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылығын арттыру мақсатында

ұйымдастырылған бұл кеште университет жастары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

Өнерлі жастар "Музыкалық білім" мамандығының студенттері Айдана мен Салтанат "Шәмшіге арнау" әнін орындаса, Мадина Ерманова мен Гүлдана Рақымберді Ш.Қалдаяқовтың "Қайықта" әнін жоғары деңгейде шырқады. Сондай-ақ, Нұрбол Ертайұлы "Бақыт құшағында", Нұрболат Түймеханов "Ақ бантик", Әділбек Орынбай "Сағын серенадасы" әндерін орындап, көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлады.

Кеш барысында сазгердің өмір жолдары мен шығармашылығы туралы кеңінен айтылды. Студенттер кештен тамаша әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарады.

28.02.2015
"Жеті сыр" ақпарат.

Басқа жаңалықтар