қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














28.12.2017

Қош келдің, Жаңа жыл!

Әлемнің көптеген елдерінде мерекеленетін ерекше мейрам – Жаңа жыл. Жаңа жылды ең ғажайып мереке ретінде атап, келе жатқан жылдан жаңа бақыт күту дәстүрге айналған. Осыған орай университеттің Жастар комитеті мен Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Н.С.Тленчиева студенттердің Жаңа жылдық мерекелік кешін ерекше салтанатпен ұйымдастырды.



Кеш жүргізу тізгінін 2017 жылы "Шабытты маусымның" чемпионы болған "Сырдария құрамасының" жетекшісі М.Сәрсенбаев алып, әзіл-қалжыңға толы сатиралық-сазды көріністерді көрерменге тарту етті.

Университеттің жыл бойындағы жетістіктерін сөзбен тізбектеп, жағымды жаңалықтармен бөліскен М.Сәрсенбаев жаңа жыл мерекесі әр елде әр-түрлі тойланатынын атап өтті: "десек те, қазақ жалпы тойлауды қатырмыз ғой шіркін, бірақ біздің бір жақсы қасиетіміз ол кез-келген мерекені, жиынды, қуанышты үлкендер ашып береді. Бүгінде сол салтымызды сақтап, ортаға алғашқы құттықтау сөзге университетіміздің ректоры п.ғ.к., доцент Серік Сансызбайұлы Дайырбеков мырзаны шақырамын".

Ректор С.С. Дайырбеков студенттерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оқуда үздік нәтиже көрсеткен 21 білім алушыны ақшалай сыйақымен және оқу орнының дамуы жолында белсенділік танытып жүрген "Сырдария құрамасы" мен "Назерке" би тобының студент мүшелерін марапаттады. Сонымен бірге Жастар комитеті тарапынан қоғамдық іс-шараларда жан-жақтылығымен көзге түскен бірқатар студенттерге алғыс білдірілді.

Мерекелік салтанатты кешті әрлеген ән-би, жайдарманшылардың әзіл-сықақтары, жүлделі лотерея ойыны жаңа жылдық көңілге ерекше жалын сыйлады.

Кіргелі тұрған ит жылы берекелі, қазыналы болып, әр шаңырақтың шаттығы мен несібесін ұлғайтсын!



Баспасөз қызметі



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу