қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

28.12.2016

Студент-жастар жаңа жыл мерекесін тойлады

Әне-міне дегенше арадан сусып күндер өтіп, айға толысып, жылға жетіпті. Мінекей күні кеше ғана мешін жылын қуанышпен қарсы алғандай едік, қас-қағым сәтте мешін жылымен қош айтысып, тауық жылы да есік қағып келіп қалды.

Иә, жер-жерлерде, дүниенің бұрыш-бұрышында түрлі мекемелерде жаңа жылды тойлауды бастап та кетті. Сол секілді "Сырдария" университетінің студенттер үйінде жатақхана тәрбиешісі Мақсат Болысбайұлының игі бастамасымен жаңа жыл мерекесі тойланды.

Мерекелік кеште университетіміздің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мұратбек Анарбайұлы студент жастарды жаңа жыл мерекесіне деген ыстық лебізін білдіре отырып ашып берді. Сонымен қатар факультет декандары да мерекелік жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Қарша қызын ертіп алыс жолдан ат терлетіп аяз ата келген бойда студент жастар көңілді би билеп, түрлі музыкалық аспаптармен ән шырқады. Кеште "Музыкалық білім" мамандығының 3-курс студенті Боранбаев Бекзат ойын ойнатып, "Жаратылыстану және математика" мамандығының биші қыздары "Хорезм" биін билеп көрермендердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Сонымен қатар Оразбай Жанар "Асыл жарыма" әнін орындағанда, жатақхана биші жастары "Адреналин", "Испан", "Вальс", "Сыған" билерін билесе, жатақхананың сері жігіттері мерекелік үздік әзілдерімен барша жұртты шаттыққа бөлеп, күлкі сыйлады. Жаңа жылдық кеш Орынбасар Ислам мен Әбдраманова Гүлдәуреннің орындауындағы "Сәлеметсіз бе?" әнімен аяқталды.

Кешіміз көңілді отырысқа ұласып, шаттыққа толы би кешімен жалғасты. Осылайша жатақхана ұжымы мен студент жастар мерекелік көңіл-күймен, қуанышпен тарқасты.

Иә, айтулы іс-шараға қатысты барша жанды сонымен қатар көрермен қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, таусылмас мол бақыт тілеймін!

"Сырдария" университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Ермахан ЕРМЕКБАЙ

Галерея


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу