қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

29.09.2012

«Жас келсе іске!» жастар акциясы

«1 қазан Халықаралық қарттар күніне» орай 2012 жылдың 28 қыркүйек «Жастар орталығы» мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттарға көмек қолын созу мақсатында «Жас келсе іске!» атты жастар акциясына «Сырдария» университетінің «Гуманитарлық білім» және «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студент жастары бір кісідей атсалысып, қарттардың алғысын алды.

Жастар комитетінің төрағасы Аманов Нұржігіт бастаған «Сырдария» университетінің жастары екі топқа бөлінді. Бірінші топ Жетісай қаласы, Қ. Омаршаев көшесі №20/2 үйде тұратын жалғыз басты қарт Бассариева Танзиляның үйіне барған жастар амандығын, қал жағдайын білген соң, жұмысқа да кірісіп кетті. Қыз балалар үйін тазалап, терезелерін сүртсе, ер балалар есік алдындағы жүзімдерін қырқып, қоқыстарын шығарып берді.

Екінші топ Жетісай қаласы С. Сейфуллин көшесі №1/2 үйде тұратын жалғыз басты қарт Горчак Любовьтың үйіне көмекке барды. Онда да жастарымыз өздерінің өнегелі тәрбиелі екенін көрсете білді. Ер балалар отындарын шауып жинаса, қыздарымыз сыпырып, есік алдын айнадай жарқыратып қарттардың шексіз алғыстарына ие болды.

«Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын.

Ботаның құны – бір-ақ жұт, батаның құны – мәңгі құт.

Тасты қырна, жасты шыңда, кәріні тыңда.

Атадан бұл қалмасын, елін, жерін ойлар ұл қалсын» деген өсиетті сөз қалдырған ата-бабаларымыз көреген болған. Халық айтса қалып, айтпайды. Қазақ атамыз «Қарғыс алма, алғыс ал» деген өнегілі сөзін үлгі тұтқан текті халықтың ұлы ұрпақтары бүгінде осындай өздерінің ауызбіршіліктерін танытып жатыр.



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу