қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

28.09.2016

"Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік"

"Ұстаз" ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

"Сырдария" университетінің "Өнер" факультетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұстаздар қауымының төл мерекесі атап өтіледі. Биыл да сол дәстүрмен 20 қыркүйек күні "Музыкалық білім" мамандығының өнерге жаны жақын 1 курс студенттері, ұстаздарына деген құрметі мен алғысын шын жүректен жеткізу мақсатында "Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік" атты мерекелік кешке үлкен жауапкершілікпен дайындалған.

Аллаберген мен Шапағат "Ұстаз", Балнұр "Арманыма асығып барамын", Назгүл "Анаға сағыныш", Искендиров Нұрғиса "Аяулым" әнін нақышына келтіре орындап шықты.

Сонымен қатар "Сырдария" университетінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған пәндік олимпиадасының бас жүлдегері яғни университет тарапынан берілген 300000 теңгелік білім сертификатының иегері Амиралиева Қазынаның және жетекшісі Абдухаликов Құрманғазының орындауындағы "Ақмаржан" күйін көрермендер ұйып тыңдады.

Кеш ұстаздарға арналған вальспен, ойындар ойнатумен жалғасын тапты. 1 курс серілері КТК әзілдерімен көпшілік көңілінен орын алды.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін факультет деканы Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы, аға оқытушы Сүттібаева Жанар Қалмұханбетқызы сөз алды.

Кеш Қазығұрт пен Айгерімнің орындауындағы "Мереке" әнімен аяқталды. Мереке соңында ұстаздар мен студенттер естелік ретінде суретке түсіп, би кешіне ұласты.

Басқа суреттер (20)
"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz