қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

28.04.2016

Сулейменов Бейсенбай Жолдасбекұлымен өткен кездесу!

Университетіміздің конференция залында балалар жазушысы Сулейменов Бейсенбай Жолдасбекұлымен кездесу өтті. Кездесуде Мақтарал ауданының әкімі Әбжанов Әділхан Досыбайұлы, "Жеті сыр" Республикалық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Ғаппар Жаппар қонақта болды.

Кездесу барысында Бейсенбай Жолдасбекұлы өзінің өмірбаянымен қысқаша таныстырды. Балалар газетіне қызметке қалай орналасқаны жайлы. Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың жазушы ағамызды қалай жұмысқа қабылдағаны, Кеңес одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлынан алған сұхбаты, сол кісі жайлы мақала жазғаны және журналистикадағы алғашқы Ұлы адамнан алған сұхбаты екенінде айтып өтті. Қазақстан жастарының ішінде Оңтүстік Америкаға Бейсенбай Сулейменов жолдама алып, үндістермен бір ай өмір сүріп сол елдің халқын, тұрмыс тіршілігін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде "Кешуа тайпасы" атты кітабы өмірге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесіп, сол кісінің кітаптарын жарыққа шығарды. Студенттеріміз Бейсенбай ағаға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Әрбір сұрақ қойған студентке жазушы ағамыз өзінің кітабын қолтаңбасымен сыйлады.

Студенттерімізде өз өнерлерін көрсетті. Абдухаликов Құрманғазы "Қара таудың шертпесі" күйін, Аманбаев Абылай "Дариға Дәурен" күйін әсерлі орындап келген қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Жастардың арасынан бір студент суырылып шығып Сіздің Бауыржан Момышұлына қойған сұрағыңызды өзіңізге қойғым келеді, Сіз қазіргі жастарға не айтасыз деген сұраққа: Бейсенбай Сулейменов менің айтатыным қаракөз қыздарымызға арналады, қыздар сендер мықты болуларың керек, себебі сендер болашақ анасыңдар, сендер қандай ұрпақ тәрбиелесеңдер Қазақ елінің болашағы сол ұрпақтың қолында деді. Кездесудің соңында университет ректоры Серік Сансызбайұлы Дайырбеков сөз алып қонақтардың біздің университетке келіп кездесу өткізгенінің өзі студенттер үшін үлкен тәрбие екенін айтып, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Бейсенбай Сулейменов университетіміздің кітапхана қорына өзінің жарыққа шығарған "Хан шатырындағы кездесу", "Тентектер", "Күннен келген адам" атты кітаптарын сыйға тартты.

Келген қонақтар мен студент жастар жақсы көңіл күймен тарқасты.

Университет баспасөз хатшысы Г.Е. Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz