қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР. Республикалық қоғамдық-саяси газет
№12 (302) 27.03.2015 жыл

«Сырдария» университетінде «Әз-наурыз-жыл басы» атты мәдени іс-шара өтті

Бірлікке үндеген Наурыз мейрамы жастарға үлкен әсер қалдырды

Наурыз мерекесін "Сырдария" университетінің ұжымы ерекше дайындықтармен қарсы алды. Сол күні ауа-райы құбылмалы болып, жаңбыр жауып кетті. Бірақ табиғаттың көктемге тән бұл мінезі наурыз тойын тойлауға кедергі бола қоған жоқ. Университет басшылығы "Қазақстан" студенттер сарайында мерекелік іс-шараны өткізуге шешім қабылдады. Студент-жастардың көңіл-күйлері өте жоғары болды. Залдың іші лық толғаны соншалықты концерттік бағдарламаны түрегеп тұрып тамашалады.

Мерекелік думан, "Музыкалық білім" мамандығының оқытушысы Айнұр Дарменшееваның "Наурыз" әнімен басталды.

Наурызға арналған мәдени іс-шараны "Сырдария" университетінің президенті Есенкүл Сейілқызы мен ардагер ұстаз, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.Серіков ашып, жиналған жастарды мерекемен құттықтады. Есенкүл Сейілқызы өз сөзінде: «Наурызда табиғат түрленіп, адамзаттың жан-дүниесі тазарады. Сонымен қатар наурыз - ниетті, пейілді, көңілді тазартуға шақыратын мереке. Әз наурыз ең бірінші кезекте елдің бірлігін нығайтуды мақсат тұтатын мереке деп» университет студенттерін білімді болуға шақырды.

Құттықтау сөзден кейін университет студенттері дайындаған "Әз Наурыз - жыл басы" атты бағдарламалық концерт әрмен қарай жалғасты.

Әсіресе "Сүйінші Наурыз келді" сахналық қойылым өте әсерлі болды. Ұлтымыздың салт-дәстүрлері дәріптеліп, Қыдыр баба ортаға шығып, наурызға арналған ақ батасын берді.

"Музыкалық білім" мамандығының оқытушысы Мақпал Құттыбаева "Әриайдай", студент Абылай Егемқұлов "Қазақтың тойы бітпесін", ұстаз Нұржамал Сейдалықызымен шәкірттері Архат Молдахмет, Шыңғыс Сырайловтармен "Мерекем" атты дәстүрлі әндерді нақышына келтіре орындап, студент-жастардың мерекелік көңіл-күйлерін көтеріп тастады. Мың бұралған "Назерке" бишілер тобы "Хорезм", "Айшолпан" би тобы "Қазақ" биімен көрермендерді риза етті. Нәзік дауыстарымен Гүлдана Рахымберді мен Мадина Ерманова "Аяла сен мені", Ақбота Егемқүл мен Динара Қамбар "Маралым",келешегінен көп үміт күттіретін Айдана Шығанақова "Іңкәрім-ай", Әділбек Орынбай "Қазақстаным" әндерін нақышына келтіре орындады. Аяжан Орынбек "Ізін көрем" әнін мың бүрала билеп шырқады.

Осы іс-шараға белсене ат салысып жүрген студент Гүлбақыт Орманова:
-Жер-дүние жанданған шуақты көктеммен бірге елімізге, жерімізге нүрын шашып, қасиетті Наурыз мейрамы келді. Бұл мейрамды игі мұсылман халқы қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, бірін-бірі төс қағыстырып қарсы алады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршаңызға амандық, татулық пен жылулық, береке-байлық әкелсін! Елімізде тыныштық заман болсын,- деді.

Наурыз мерекесіне университет ұжымы мен студенттер толық қатысты. Білім ордасының ауласына ақ қанатты киіз үй тігіліп, наурыз көже таратылып, ұлттық ас мәзірлерінен берекелі дастархан жайылып, университет ұжымымен бірге арнайы шақырылған қонақтар да дәмнен ауыз тиіп, ақ тілектерін айтты.

«Сырдария» университетінде өткен наурыз думаны ынтымағымыз бен берекемізді арттыра түсті

Баян ТӘКЕНОВА.

Басқа жаңалықтар