қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













27.01.2012

"Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты"

2012 жыл 27 қаңтарда болған Қазқстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі жолдауын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында «Сырдария» университетінің ұжымы мен студент жастары ақпан айының 3-жұлдызында «Қазақстан» студенттер сарайында басқосты.

Жиналысқа «Сырдария» университетінің атқарушы ректоры Мамраимов Серік Дәулетұлы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ардагері, №6 Б.Момышұлы атындағы мсектап гимназиясының директоры Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлы, профессор Бөрі Иса, профессор, Н.Ә.Қадырбаев, «Сырдария» бастауыш партия ұйымының төрағасы Д.С.Болысбаев, дайындық бөлімінің меңгерушісі, доцент Алтынбеков Бабах, жастар комитетінің төрағасы Н.Аманов, университет профессре-оқытушылары және студент жастар қатысып, өз ойларымен бөліст.

«Сырдария» университетінің атқарушы ректоры С.Д. Мамраимов мырза өз сөзінде: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі жолдауын жолдады. Бұл жолдау еліміз үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды. Өйткені, жолдауда елімізді көркейту, халықтың әлауқатын арттыру мәселелері толығымен қамтылған. Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері мен бағыттарын айқындап берді. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе.» деп, өз сөзін аяқтады.

Дайындық бөлімінің меңгерушісі, доцент Алтынбеков Бабах мырза жолдаудағы он бағыт бойынша жиналған көпшілік қауымға баяндама оқыды.
Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Екінші. Қолжетімді баспана.
Үшінші. Өңірлерді дамыту.
Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Бесінші. ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті
Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.
Осы бағыттар бойынша баяндама жасалып, салиқалы ойлар айтылды.
2012 жыл 27 қаңтарда болған Қазқстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі халыққа «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауын талдау мақсатында жиналған көпшілік қауым үлкен әсер алды.


Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу