қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

27.10.2016

Суреттер. Аккредиттеу. 1-ші кезең. 7-9 қараша 2016 ж.
Суреттер. Аккредиттеу. 2-ші кезең. 10-12 қараша 2016 ж.

"Сырдария" университеті Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес Ұлттық аккредиттеуден өтеді



Қазіргі білім жүйесінде аккредиттеу білімнің қажетті сапасын қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде қаралады. Бұған білім үдерісінің шарттарына, білім бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды және осы талаптарға білім үдерісінің сәйкестігін бағалауды айқындайтын тиісті нормативтік құжаттарды енгізу есебінен қол жеткізіледі.

Ағымдағы жылдың 18-22 сәуірінде "Сырдария" университеті 6 мамандық бойынша Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтіп, біліктілігі мен білімділігін көрсеткен болатын. Қалған 23 мамандық үстіміздегі жылдың 7-12 қарашасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен, Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, мамандандырылған Ұлттық аккредиттеуден өтеді.

 Аккредиттеу – жоғары оқу орнының толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формальді түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. 

Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған, сондай-ақ ұлттық және халықаралық болып бөлінеді. Институционалды аккредиттеу – білім ұйымын жалпы аккредиттеу, ал мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жеке білім бағдарламасын аккредиттеу болып табылады. Қазақстан Республикасында білім ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүргізіледі. Білім ұйымдары аккредиттеу органын өз бетінше таңдай алады.

Аккредиттеу барған сайын үлкен рөлге ие болып, ЖОО институционалды легитиімділігінің белгісіне айналуда, өйткені тәуелсіз агенттікпен жүргізіледі, ол ЖОО алдыңғы тәжірибесіне негізделе отырып, бағдарламалардың үйлесімділігіне немесе академиялық құрылымның адалдығына сүйенеді. Аккредиттеу сапа синонимі ретінде түсініледі.

"Сырдария" университетінде сырттан келетін эксперттік комиссия құрамы 2 этап бойынша, 1-этап қараша айының 7-9 күндері, 2-этап 10-12 күндері аралығында, төмендегідей 5 кластер бойынша жұмыс жүргізеді:

1-кластерге: 5В010600 – "Музыкалық білім", 5В010700 – "Бейнелеу өнері және сызу", 5В042100 – "Дизайн", 5В012000 – "Кәсіптік білім";

2-кластерге: 5В010900 – "Математика", 6М010900 – "Математика",

5В060200 – "Информатика", 6М011100 – "Информатика", 5В070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету";

3-кластерге: 5В011200 – "Химия", 6М011200 – "Химия", 5В011600 – "География", 5В011300 – "Биология", 6М011300 – "Биология", 5В060700 – "Биология".

4-кластерге: 5В030100 – "Құқықтану", 5В050800 – "Есеп және аудит"

5В050900 – "Қаржы", 6М050600 – "Экономика".

5-кластерге: 5В011900 – "Шет тілі: екі шет тілі", 6М011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті", 6М010200 – "Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", 6М011400 – "Тарих".

Мамандандырылған аккредиттеу барысында сарапшылар аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының сапасына, бағдарламаның толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ететін стандарттар мен критерийлерге сәйкестігіне, білім беру бағдарламаларының университет миссиясымен, мүдделі тараптардың талаптарымен, білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісін үздіксіз жетілдіру жүйесімен келісімді мақсатына бағалау жүргізеді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы эксперттік комиссиясы университет ректорымен, проректорлар мен бөлім басшылары, аккредиттеуден өтетін мамандық басшылары және кафедра меңгерушілерімен кездесулер ұйымдастырады.

Сонымен қатар, Сыртқы эксперттік комиссия жұмыс барысында университетіміздің мұражайы, кітапхана, виртуалды кітапханасы, мультимедиялық сыныбы, инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, студенттер сарайы, студенттер үйі, бірнеше спорт залдары, тігін шеберханасы мен модельдеу орталығында болып, жұмыстарымен танысады. Мамандандырылған аккредиттеуден өтетін мамандықтардың профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, сабақтарына қатысады. Сондай-ақ университеттің әр жылғы түлектері мен жұмыс берушілерімен сұхбаттасып, сауалнама өткізеді.  Процедураларға сәйкес, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Аккредиттеу Кеңесінің отырысынан кейін аккредиттеу туралы шешім шығарады.

Ал ендеше, университетіміздің мамандандырылған Ұлттық аккредиттеуден сәтті өтуіне тілектестік білдіреміз.


Университеттің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова



Суреттер. Аккредиттеу. 1-ші кезең. 7-9 қараша 2016 ж.
Суреттер. Аккредиттеу. 2-ші кезең. 10-12 қараша 2016 ж.

Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу