қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














27.04.2017

Жастар Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасымен кездесті


26 сәуір 2017 жылы "Сырдария" университетінде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында танымды кездесу өтті. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріпов, Мақтарал аудандық сотының төрағасы Қ. Дүйсебеков, Мақтарал аудандық сотының судьялары Жолдасбеков М., Мусабеков К., Утемисов қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Н. Шәріпов Қазақстан Республикасы судьяларының 2016 жылдың 21 қарашасында Астана қаласында өткен жетінші съезін басшылыққа ала отырып, Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт Жоспары 100 нақты қадамда көзделген 2-ші блок: "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" - 16-34 қадамдарын студенттерге жеткізу үшін "Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау" тақырыбында дәріс оқыды.

Студенттер сот жүйесінде болып жатқан реформаларды, оның ішінде сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, азаматтық істерге прокурордың қатысуын қысқарту және соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы ағымдағы статистикасы жөнінде толық мағлұмат алды.

Дәріс барысында "Қазақстанның сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең", "Сот жүйесіндегі жаңа технология" атты бейнебаяндар көрсетіліп, жалпы республика бойынша 2016 жылдағы сот процестерінің статистикасы берілді.

Облыстық сот төрағасына студенттер және профессор-оқытушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға заңдық тұрғыдан толық әрі тұщымды жауаптар алды.

Жиын соңында "Сырдария" университетінің ректоры п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков қонақтарға алғысын білдіріп, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріповке "Сырдария" университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен "Сырдария университетінің профессоры" атағы берілгенін айғақтайтын диплом табыстады.

Бұндай ізгі бастамалар университетімізде одан әрі жалғасын табады деген ойдамын.



"Құқық және экономика" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі

Ихласова М.Ж.





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу