қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














27.02.2017

Ән көгінің сұңқары – Шәмші


Ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алу кеші "Сырдария" университетінің Қазақстан студенттер сарайында болып өтті.

Кеш шымылдығы оқу ордамыздың биші қыздарының тамаша биімен ашылды. "Әнім халқымның жүрегінде" айдарымен Шәмші аға жайлы бейнебаян көрсетілді.

Аманбаев Абылай "Теріскей" әнін асқақтата орындаса, ұлы композиторға арнау оқыған студенттер де болды. "Музыкалық білім" кафедрасының оқытушысы Сапарқұлов Сұлтан Халелұлы ағамыздың жанды дауыспен тебіренте шырқаған "Сыған серенадасы" әні көрермен қауымды бір тебірентіп тастады.

Шәмші әндері көбіне махаббат тақырыбына махаббат, ана тақырыбына арналған. Кешімізде той-думан, отбасылық кештерде және демалыс кездерде әуелетіп шырқалатын "Бәрінен де сен сұлу", "Құшақ жайған қандай адам", "Ана туралы жыр", "Дүнген қызы", "Өмір-өзен", "Шынарым" және "Бақыт құшағында" атты сырлы да сұлу әндері орындалды.

Әр жылы дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын әдеби-сазды кеш соңында студенттер естелік ретінде суретке түсті.



"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу