қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

27.01.2017

"Мақтаарал" қоғамдық-саяси газет
27 қантар, жұма 2017 жыл, 24 бет


"Робот техникасы" зертханасы ашылды

Өткен жұма күні "Сырдария" университетінде "Робот техникасы" зертханасы кабинеті ашылды. Бұған оқушылар мен студенттер, осы оқу орынының басшылары мен оқытушылары қатысты.

Университет құрылтайшысы Есенгүл Сейілқызы лентаны қиып, көпшілік арнайы кабинетке кірді. Ректор Серік Дайырбеков сөз сөйлеп, курсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұдан соң кабинетке жауапты тұлға,кабинет меңгерушісі, информатика магистрі Көпжасар Нұрхан зертхана қызметімен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, бағдарламадан хабардар етті. Кабинетке 3 комплекті компьютер қондырғыларымен қойылған. 1 комплектіде 7 оқушы жұмыс істей алады. Сонда үшеуімен 21 оқушы бір мезетте жұмыс жасайды.

Қазір университет базалық А.Байтұрсынов атындағы мектеппен біргелікте байланысып, оқушылар курсқа қатысып отыр. Кабинет апта бойы жұмыс істейді. Егер мектептер қызықса осында келіп, келісім-шарт жасауына болады. Ашылу салтанатында жоғарыдағы аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жәмила Биғожаева сөз сөйлеп, осында алып келген оқушыларының робот техникасы және инженерлік жүйелерді меңгеретініне сенім білдірді.

Негізінде мұнда оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағытта математика, физика, информатика және тағы басқа пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді. Сонымен бірге олар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырылады. Сондай-ақ оқушылар бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу, тағы басқа жұмыстарды жүзеге асыра алады.

Галерея


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу