қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














26.04.2017


"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған "Көрменің көркі - қолөнер" атты шығармашыл студенттердің көрме-байқауы өтті.


Жоғары оқу орнындағы кез-келген пән нәтижеге бағытталуы тиіс. Сонда ғана болашақ мамандардың білікті де білімді, кәсіби шеберлігі қалыптасқан кадр болып шығатыны анық. "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттеріне өтілетін "Еңбекке баулу әдістемесі" пәнінен ұйымдастырылған көрме-байқауы осы бір сөзіміздің айқын дәлелі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламасы әрбір қазақстандықты еңбекке үндейді. Ал, елімізде еңбек қоғамын қалыптастыру үшін мектеп қабырғасының бастауыш сатысынан бастауымыз қажет. Ол жүк бастауышта білім беретін мектеп мұғалімдеріне жүктелері анық. Университетімізде жыл сайын Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері "Еңбекке баулу әдістемесі" пәні арқылы осы жүкті арқалап кетуде.

Өткен жылы аталған пән аясында Халықаралық деңгейде Ресей мемлекеті және Мақтаарал аудандық білім бөлімімен бірлескен пәндік көрме-олимпиадасы ретінде ұйымдастырылған болатын. Сілтеме.
Ал үстіміздегі жылғы іс-шара "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне арналып өткізілді.

Көрме қорытындысы бойынша орындар мен номинациялар сарапқа салынды. Қолөнер бұйымдары болғандықтан әділ қазылар алқасына кәсіптік білім және дизайн мамандары арнайы шақыртылды. "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының оқытушылары Ж. Садыкова, Ж. Сүттібаева, А. Абдикаримовалар өздерінің кәсіби маман деңгейінде бағаларын беріп, орындар мен номинацияларды белгілеп берді.

І орын – Г. Айдарова
ІІ орын – М. Тұрабай
ІІ орын – Ш. Тұрман
ІІІ орын – З. Төлебова
ІІІ орын – Г. Лахан
ІІІ орын – Н. Жабақ марапатталды.

"Ең үздік қолөнер шебері" номинациясымен – А. Мырзалы
"Ең үздік шебер қол" номинациясымен – А. Тәжібай
"Ең үздік тоқыма өнері" номинациясымен – З. Махамбетова
"Ең үздік сәндік қолөнер шебері" номинациясымен – М. Омархан марапатталса, топтың бірлескен жұмысы бойынша "Ең үздік қолөнер туындысы" номинациясымен – БПӘ-35 тобы марапатталды.

Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Ел ұлылары қашанда баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырған, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екені белгілі.
"Еңбекпен биік мәртебең, еңбекпен келер берекең"- дегендей мәртебеміздің биік болуы мен берекеміздің мол болуы жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік қасиеттерді сіңіре алуымызда.


Файзиев Нұржан Сапарханұлы, "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

ПнВтСрЧтПтСбВс

free counters
2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу