қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














26.01.2018

Республикалық бірыңғай сағат өткізілді

Бүгін "Сырдария" университеті Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы бағытын негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты" тақырыбында жиын өткізді.

Мемлекет басшысының жолдаған басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлық мәселесі студенттер және профессор-оқытушылардың қатысуымен сөз болып, талқыланды. Жастар саясатын ұйымдастырып жүрген "Жастар комитеті" төрағасының орынбасары Нұрсейіт Әбжан, "Құқық және экономика" кафедрасының ғ.м., аға оқытушысы Мира Ихласова баяндама жасады, қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға жауап берді.

Қазіргі қоғамда белең алып отырған мәселенің мән-жайын бағамдауға бағытталған жиын жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық үстемдігін арттыруға септігін тигізері анық.


Баспасөз қызметі





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу