қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Мамандығым - мақтанышым

7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№07 (297) 20.02.2015 жыл, 4-ші бет

Бейнелеу өнері және сызу мамандығының болашақ муғалімдерін мектептің тәрбие жұмыстарын жүргізуге кәсіби даярлықтарын қалыптастыру, ұлттық және жалпы азаматты құндылық қағидаларымен сабақтастықта бүгінгі заман талабынан туындап отырған педагогика ғылымдары міндеттерінің бірі, әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие үдерістерін, жаңа идеялар жаңғырған бағыт-бағдарларын, түрлі тәлім-тәрбие тәжірибиелерін зерттеу барысы болып табылмақшы.

Болашақ мұғалімдердің тәрбие жұмысына дайындығын қалыптастыру мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ол жеткіншектерге адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру тәсілін өзгертумен анықталып отырады.

Жастарға адамгершілік, жүйелі эстетикалық тәрбие беру мақсатында сыныптағы бейнелеу өнері пәнінен бастап, арнайы ұйымдастырылатын сыныптан тыс қоғамдық-көпшілік мәдени іс-шараларға, сондай-ақ, түрлі бейнелеу өнері үйірмелеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру арқылы, оларды сол оқу-тәрбие жұмыстарына белсене қатынастыру нәтижесінде шешуге болады. Сонда ғана жаңа маманды өзі өмір сүріп жатқан ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы кәсіби маман ретіндегі қарым-қатынас әрекетінде көрінетін нысана деп тануға болады.

Осы орайда арнайы жоғарғы білімді ұстаз мамандарды даярлауды қалыптастыру мәселесі қоғамның барлық сатысындағы зерттеу нысаны болып отырғандығы белгілі. Осыған байланысты болашақ бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімі ретінде мектептің тәрбие жұмыстарын дайындауда, олардың кәсіби-шеберлігін қалыптастыру ісінде, оның рухани, мәдени адамгершілік байлығын одан әрі жетілдіруде келешекте өз үлесімді қосамын.

Осындай ұйымдастырушылық қабілеті зор, студент жанын түсіне білген қадірлі де, асыл ұстаздарымды, яғни, Ұлданай Сапарбаева, Мақсат Бишанов, Сакен Сазов, Өмірзақ Жанаевтарды зор мақтанышпен айтқым келеді.

"Бейнелеу өнері және сызу" мамандығын бітірушілер- мектептерде, лицей, колледждерде мұғалім қызметін атқаруға мүмкіндігі бар. Әр түрлі оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, шығармашылық және салалы ғылыми-зерттеу институттары мен лабораторияларда, көркем шеберханаларда, баспаханаларда жұмыс жүргізеді.

Білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық) мәдени ағарту, өндірістік-көркем, жобалау-дизайнерлік, ғылыми-зерттеу және әдістемелік, көркем-шығармашылық бағыттарында жумыс істей алады.

Болашақ 2014-2015 оқу жылының бітіруші өнерлі талапкерлерге айтарым "Сырдария" университетін, оның ішінде бейнелеу өнері және сызу мамандығын таңдасаң қателеспейсің дер едім. "Сырдария" университеті Мырзашөлдің бірден-бір мәдени, рухани байлығы.

Динара МОЛДАБЕКОВА, "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының 2 курс студенті.


9.02.2015 - Бүгінгі білім мен ғылым: студент көзімен

Таңдау еркі өзіңде

Басқа жаңалықтар