25-27 аралығында «Сырдария» университетінде
«Білім беру жүйесіндегі психологтың тәжірибелік қызметі»
тақырыбындағы тәжірибелік оқыту тренингі өтілді

Галерея

Наурыз айының 25-27 аралығында «Сырдария» университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары мен «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне психологтың нормативті құжаттарды толтыру, оны нақты тәжірибеде өткізу сапасын көтеру мақсатында «Білім беру жүйесіндегі психологтың тәжірибелік қызметі» тақырыбындағы тәжірибелік оқыту тренингі өтілді.
Тренингті жүргізген Республикалық «Харизм» психологиялық танымдық газетінің редакторы республикалық деңгейдегі жаттықтырушы, Қазақ Психологтар Ассоциациясы Тараз филиалының директоры, ТарМПИ «Теориялық және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы Бизақова Фатима Әбдіқызы болды.

Тәжірибелік оқыту тренингіне жалпы 27 адам қатысты, оның 6-ауы оқытушылар, 21-і студенттер.
Атап айтар болсақ, кафедра оқытушыларынан Ташкенбаева Сұлушаш Мәмленқызы, Хазиахмадова Ферая Габдрауховна, Исаева Кулайна Аликулқызы, Байдуллаева Оразкул Жұмабекқызы, Өтегенова Орынкул, Таштауова Жанар Ханділдәқызы, сондай-ақ мамандық студенттерінен Сұлтанбекова Меруерт, Дюсебаева Балнұр, Егамбердиева Камила, Утешова Гүлмира, Адамбекова Жансулу, Суванова Дилнора, Джусабекова Жанат, Туракулова Гулшат, Темірбек Салтанат, Мұстапа Гүлдан, Арыстанбаева Жазира, Асанова Мадина, Айтмырзаева Оразкул, Жумалиева Айгерім, Жамберова Замира, Жарқынбекова Таңшолпан, Ибрагим Ақжарқын, Алипбекова Мақпал, Бердімұратова Ботакөз, Мұрат Ақмарал, Тилеубаева Гулия.

Тренинг барысында психолог қызметінде циклограмма, апталық, айлық, жылдық жоспардың жазылуы, психодиагностика құрылымы (өтілуі, нәтиже көрсеткішін хаттамаға түзуі, мониторинг жүргізу), психокоррекция жұмысының ерекшелігі (тренинг құрылымы, өтілуі), психоконсультация құрылымы, тұтынушы қабылдауды меңгерту, психопрофилактика құрылымы, өтілуі жайында теориялық мәселелер талқыланып, көптеген тренингтер мен ойын жаттығулар жүргізілді.
Мысалы: «Танысу», «Санасыз әлеміне саяхат», «Өзін-өзі тану», «Кеңістіктегі өз орныңды тап», «Жанды анкета» т.с.с.

Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.


Галерея (60 сурет)


Басқа жаңалықтар

Жеңістің – 67 жылдығына орай
15 сәуір - қазақтың махаббат мерекесі
29.03.2012 ж. қонақтармен кездесуі
25-27 наурыз, Психологтардың тренингі
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ
23.02.2012 жылы “Кітапхана, студент және ұстаз” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізілді
«Есірткіге есің кетпесін» акция
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
Оқытушылар арасында «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Ақтық сын «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Магистрант арасындағы «Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
«Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
Мұқағали Мақатаев 81 жаста
«Екі жұлдыз» байқауы
Сайлауалды кездесу
Семинар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Сайлаудың қорытындысын талдау
«Дамудың сенімді кепілі - жастар» атты дебат турнирі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта кездесу
Елбасының жолдауы – халықты қолдауы
«Тәуелсіздік тірегі - жастар» атты автошеру
«Жалындаған жастар» атты жаңа жылдық кеш
«Өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды» атты акция
«Жаңа жыл – жаңа белес»
“Тәуелсіздіктің жиырма шыңы” күнтізбесі
“Дипломмен ауылға” “Ауыл тынысы”
“Түлектеріміз – мақтанышымыз”
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА - 20 ЖЫЛ»
Пән аралық олимпиада нәтижесі туралы мәлімет
Пресс-Релиз ақпараттық жүйілер
29.10.2010 - Инновалиялық зерттеу орталығы
5В012000 "Кәсіптік білім" мамандығы ашылды
“Сырдария” университетінің электронды кітапханасы
“Сырдария” университетінің КАТАЛОГЫ
Интерактивті мультимедиа тақтасын оқыту процесінде пайдалану