қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

25.11.2016


Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай университетімізде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі 24 қазан күні 2 курс студенттерінің арасында "Педагогика" пәні негізінде ұйымдастырылған "Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі" тақырыбында дөңгелек үстел болып отыр.


Патша қанша жерден ақымақ болса да баласының ұстазының алдын кеспейді - дейді ежелгі гректің ғұламалары.
Ал, қазақта бұны "алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі," - деп, көрнекті ағартушы, педагог Мағжан Жұмабаев ұстаз мәртебесін ең биік деңгейге көтеріп, баға берген.
Дегенмен бүгінгі таңда сол Алаш зиялылары көтерген бйікті бүгінгі қоғам, оқушы, ұстаздар қауымы өз деңгейінде ұстап қала алды ма?
Қоғамның бүгінгі ұстаздарға құрметі қандай?
Оқушылардың ұстаз алдындағы жауапкершілігі мен сый-құрметі көңіл көншіте ме?
Бүгінгі ұстаздарымыздың халі нешік? – деген сұрақтар аясында өрбіген дөңгелек үстел жоғары деңгейде, пікірлердің қарама-қайшылығымен өріс алды.

"Ұлтты түзеу – ұрпақты түзеуден, ұрпақты түзеу – ұстазды түзеуден басталады." – деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт ағартушылары Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжандар салған сара жолды бұзуға, басқа бағытқа бұруға немесе соқпақ жолдарға айналдырып тастауға біздің қақымыз жоқ, керісінше сол жолды жаңартып, жандандыру бүгінгі күнгі әрбір адамның міндеті, ол мейлі оқушы, ата-ана, қоғам, ұстаз, бай-бағлан болсын.

Дөңгелек үстелде бірнеше мамандықтың студенттері өздерінің баяндамаларын жасап, көптеген сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Данияр Әсілбек ақындардың ұстаздар туралы жырлаған жырларымен көркемдеп, ұстаз мәртебесінің биік және мәңгілік екендігін жан-жақты дәріптесе, химия мамандығының студенті Махмутқожа Ақмаржан КСРО елінің ағартушы - психологі Ш. Амонашвилидің "Мектеп қабырғасына жаңадан келген баланы тәрбиелеу мұғалімнің жеке ұстанымынан басталады"- деген бірнеше сөздерін негізге алып, ұстазға артылар жүктің ауыр екендігін алға тартты.
Математика мамандығының студенті Аманов Болат ұстаздардың айлығының шайлығына жетпейтіндігін, құжатбастылығын, қоғамдық жұмыстарға жегілетіндігін атап өтіп, бірнеше мәселенің басын ашық атап өтті.
Физика мамандығының студенті Шафкиева Зульфия бірнеше мемлекетті мысалға ала отырып ойын айшықтады. Оның айтуынша Жапонияда мұғалімдердің еңбегі өте жоғары бағаланады. Жапондықтарда "Сансейдің (ұстаздың) көлеңкесін басып кетпе" - деген мақал бар екен. Сонда олар бұл мамандықты қадір тұтатыны, мұғалімді қасиетті санайтыны соншалық, оны ренжітпек түгілі көлеңкесін де басып кетуге тыйым салынады, ал жалақылары министрлермен бірдей алатын көрінеді.

Талқылау барысында "Мұғалім мәртебесі қандай?" деген сұраққа жауап іздеген Ұлттық арна тілшісі Айнұр Омардың бейне материалы қатысушылар назарына ұсынылып, тақырыпқа арқау болды.

Атаулы іс-шараға Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері де ат салысып, пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда болашақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде сөз сөйлеген Асанғали Мұқағали көп жағдайда оқушылардың құлықсыздығы, жауапкершіліксіздігі, сый-құрметінің төмендігінің арқасында мұғалімдерге көптеген сөз келіп жататындығын басты назарға алып өтті. Ұстаздық мамандыққа қадам басқанына көп болмаған Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті Қалдыханова Жанар көп алдында сөз сөйлеп, дөңгелек үстелге қатысушылардың қарама-қайшы пікірлерін туғызып, сұрақтардың астында қалды, дегенмен ешбір сұраққа тосылмай мына бір өлең жолымен сөзін аяқтады:

Жастарында тәрбие-тәлім болмай,

Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды.

Ағаштың да діңгегін ақтап тұрсаң,

Өріктің өзегінде құрт болмайды – ия, адам діңгегі ол тәрбиесі, ал тәрбиенің бастау бұлағы ата-ана екендігін ұмытпағанымыз жөн шығар.

"Ұстаздан бедел кетсе, шәкірттері оның сақалымен ойнайды", – дейтін сөз бар емеспе. Бүгін шәкірт ұстаздың сақалына, ата-ана жағасына жабысатын күнге жеттік. Ұрпақ тәрбиесіне баланы 18 сағат тәрбиелейтін ата-ананы емес, 8 сағат білім беретін ұстаздарды жауапты етіп, онсыз да әр үйдің еркесімен алысқан ұстаздарды ұстараның жүзіне ұстап бергендігіміз айқын сезілуде.

Осы күнде "Себепсіз сенсация іздеген интернет қауымы бүгін бір ұстаздың кемшілігін көре қалса, жарыса жарнамалайтынды шығарды. Қызды-қыздымен кеткен қауым барша ұстаздарды бір шыбықпен айдайды да, онсыз да қаусап тұрған ұстаз беделін құрдымға жіберді. Елде неше жүз мың ұстаз бар, сол ұстаздардың ішінде әлемдік деңгейді бағындырып жүрген шәкірт тәрбиелеген ұстаздар қаншама? Біз неге жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасыта алмаймыз? Шәкірті әлемдік додада, тіпті, ел ішіндегі кішігірім жарыста топ жарған спорт бапкерлерінің кенеліп жатқан марапатын көргенде қызыға қарайсың. Неге әлемдік деңгейде үздік шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға әлеуметтік, яки ақпараттық қолдау жоқ. Бүгінде әлемді аузына қаратқан ақпарат үздік ұстаздарды жарқырата білсе, талай жас маман талпына білер еді, сонымен бірге талай жас өркен қызыға қарай білетін еді, армандайтын еді".-дейді ұстаз Аятжан Ахметжан "Ұлт болам десең, ұстазыңның халін біл" атты Егемен Қазақстан газетіне жарияланған мақаласында.

Ия, ұстаз мәртебесі төңірегінде айтылар ой мен пікірлер, көтерілер мәселелер шексіз екендігі екі сағатқа созылған дөңгелек үстел айқын көрсетті. Әлі ұстаз болмаған студенттердің көзқарасының өзі бізді терең ойға салып, ұзақ толғандырды. Ал ұстаздық салада қызмет атқарып жүрген мектеп мұғалімдерінің шынайы жағдайы мен мәртебесі қандай екендігін өзіңіз ой таразыларыңызға салып көріңіздер. Ұстаз мәртебесі биік болған сайын, ұлт мерейінің үстем болатындығын ұмытпауымыз тиіс. Сонда ғана Елбасымыз айтқан "Мәңгілік ел" боларымыз хақ.






"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу