қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

25.10.2012

«Сырдария» бастауыш партия ұйымы

25 қазан күні «Сырдария» бастауыш партия ұйымы «Қазақстан» студенттер сарайында 2011-2012 жылдарда атқарған жұмыстары жайлы есебін тапсырды. Есеп беру жиналысында «Сырдария» бастауыш партия ұйымының мүшелері және «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшелері мен Бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Есеп беру жиынында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Байдуллаев Әбдіманап Әбдіхалықұлы қатысты.

Есеп беру жиынында Дәуренбек Әбдіғали төрағалық етті. Жиын барысында төмендегі мәселелер қарастырылды; 1. «Сырдария» бастауыш партия ұйымының 2011-2012 жылдарда атқарған жұмыстарының есебі; 2. Бастауыш партия ұйымының төрағасын және бюро мүшелерін сайлау; 3. «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының ХІҮ конференциясына делегаттарды сайлау.

Жиын барысында «Сырдария» бастауыш партия ұйымының мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Көкеев Жаңбырбай Самсаұлы, «Сырдария» бастауыш партия ұйымының мүшесі, «Физика және математика» факультетінің деканы Алипбаев Тұрар Назарұлы, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мұшесі Жұмалиева Айгерім жарыссөзге шығып, өз бағаларын берді. Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Байдуллаев Әбдіманап Әбдіқалықұлы сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Сырдария» бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері сайланды Бюро мүшелігі төмендегідей: Дәуренбек Әбдіғали - Сырдария университетінің тәрбие істері жөніндегі проректор. Серік Мамраимов Даулетұлы- Сырдария университетінің атқарушы ректор Нұржігіт Аманов – жастар комитетінің төрағасы. Мақпал Құттыбаева – «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушысы Нұрлан Ырсымбетов – оператор-инженер Бюро төрағасы етіп, тәрбие істері жөніндегі проректор Д. Әбдіғали сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Сырдария» бастауыш партия ұйымынан, 7-ші қараша күні өтілетін «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының ХІҮ конференциясына делегаттар сайланды . Делегаттар тізімі төмендегідей:
1. Дәуренбек Әбдіғали - Сырдария университетінің тәрбие істері жөніндегі проректор, «Сырдария» бастауыш партия ұйымының төрағасы
2. Исаева Күлайна – «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы
3. Байдуллаева Оразкүл - «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы
4. Құттыбаева Мақпал – Музыкалық білім кафедрасының оқытушысы, көркемдік жетекші
5. Аманов Нұржігіт – жастар комитетінің төрағасы
6. Тілеубаева Ақмарал – «Гуманитарлық білім» факультетінің аға тәлімгері
7. Сариева Шырынкүл – «Химия және биология» факультетінің аға тәлімгері
8. Ырыскелдиев Марат – «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің аға тәлімгері
9. Бақтияров Нұрлыбек – «Мақтарал жастар» орталығының директоры
10. Бейсенбаев Мұхтар – «Жас Отан» ЖҚ хатшысы.

Жиын соңында «Сырдария» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері «Гуманитарлық білім» факультетінің студенттері Ширинова Дильноваз, Муминова Сурая жыр оқыса, «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенті Аманбаев Абай әннен шашу шашты. Жиын «Нұр Отан» ХДП Әнұранымен аяқталды.



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу