қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












25.04.2018

Үздік студент – 2018

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Үздік студент" байқауы болып өтті.
СМАМБ маманы А.С Азизбекова және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері студенттері Б.А. Нармуратов, Б.А.Орынбасар бастамасымен қолға алынған іс-шара жоғары деңгейде көрініс тапты. Университет мамандықтарында тәлім алып жатқан білімді өрендерді анықтау, олардың қызығушылықтары мен қоғамдық белсенділіктерін ояту мақсатында іске асқан байқау бес кезең бойынша орын алды:

1 кезең. "Мамандығым – мақтанышым" (әр студент өзін және мамандығын презентация немесе видео түрінде таныстыру);
2 кезең. "Талантыңмен таныл" (әр студент өз шығармашылығымен өнерін көрсету);
3 кезең. Тест тапсырмасы (әр студентке мамандығы бойынша тест сұрақтары беріледі);
4 кезең. "Сұрақ – жауап" (әр студентке университет және білім алып жатқан кафедрасының тарихы жөнінде сұрақтар қойылады).

Айтулы додағы 12 студент қатысты:
1.Ыдырыс Талшын
2.Нурахов Мырзабек
3.Зулхайнаров Талғат
4.Данияр Әсілбек
5.Сатуов Бекболат
6.Шербай Арайлым
7.Шынтаев Нурмахан
8.Байсултанова Сандуғаш
9.Жақсылық Жеңіс
10.Тегісбаев Төлеп
11.Жабақ Нұрсұлу
12.Емберген Бекнұ

Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраимов, профессор Бөрі Иса, Тіркеу офисінің басшысы Т.Ф.Ахмет, университеттің ғылыми істер бойынша маманы, "Жас ғалымдар" кеңесінің төрағасы Н.С.Аманбаев, "Академиялық ұтқырлық" бөлімінің басшысы М.Ә.Досқараева әділ қазылық жасаған байқау қорытындысына сәйкес география-тарих мамандығының 1 курс студенті Нурахов Мырзабек оқу орнының "Үздік студенті" атанып, бір реттік жоғарылатылған шәкіртақымен (25.000 теңге) марапатталды. Сонымен бірге байқауға белсене қатысқан төмендегі студенттер түрлі номинациялармен қатар қаржылай сыйақыға да ие болды:

  1. "Білімпаз өрен" номинациясымен Био-15жғ тобының студенті - Ыдырыс Талшын (10.000 теңге);
  2. "Ең ізденімпаз студент" номинациясымен Ет-16 тобының студенті - Зулхайнаров Талғат (10.000 теңге);
  3. "Ең креативті студент" номинациясымен Қт-16 тобының студенті - Сатуов Бекболат (10.000 теңге);
  4. "Ең шығармашыл студент" номинациясымен Тар-16 тобының студенті - Шынтаев Нұрмахан (10.000 теңге);
  5. "Университет үміті" номинациясымен Қт-16 тобының студенті - Данияр Асылбек (10.000 теңге);
  6. "Мамандық мақтанышы" номинациясымен Тар-16 тобының студенті - Тегісбаев Төлеп (10.000 теңге).

Студенттер арасындағы белгілі шараны ұйымдастыруға ат салысқан Ет -16 тобының студенті Орынбасар Баймахан (7.500 теңге), Био -16 тобының студенті Нармұратов Бабамұрат (7.500 теңге) ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу