қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














25.01.2018

Спорт – денсаулық кепілі

Үстіміздегі жылдың 25-қаңтарында "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті "Кәсіби спортшы" үйірмесінің жоспарына сәйкес "Спорт – денсаулық кепілі" атты семинар өткізді. Семинарға факультеттің профессор-оқытушылары мен студенттері, Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент А.Д. Тажекова, университеттің Ғылыми істер жөніндегі маманы Н.С.Аманбаев қатысты.

Ғылыми үйірме жетекшісі Н.С.Сапарбеков семинардың барысында студенттерге бағыт-бағдар беріп, студенттердің спорттық үйірмеге деген қызығушылықтарын баяндама негізінде тізбектеді. Факультет дейгейіндегі семинарда 16 студент баяндама жасап, профессор-оқытушылар жарыссөзге шықты.

Қарқынды дамып келе жатқан қоғамның жетістіктері мен кемшін тұстары бар. Ол – денсаулық екені баршамызға мәлім. Алайда тән саулығына спорттың тигізер пайдасы мол екенін біле тұра, көп жағдайда жүзеге асырмаймыз. Себебі, спортқа деген қызығушылықты ояту, оны күнделікті дағдыға айналдыру мәселелері көлеңкеде қалып қояды. Бұл ретте спорт мамандары зерттеу мен тәжірибені факультет деңгейінде ғана емес, жалпы қоғамдық деңгейде іске асыру керек деген мәселелер төңірегінде қатысушылардың пікірлері қалыптасып, маңызды тұжырымдар жасады.



Баспасөз қызметі




Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу