қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

24.05.2013

Француз елінің сенаторы Мақтааралда болды

Франция Парламентінің сенаторы Эмери де Монтескью жұмыс сапарымен Матаарал ауданына келді.

Қадірлі қонақ мінген тікұшақ Жетісай қаласының маңындағы жоңышқалыққа қонды. Сенатор мырзаны Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев бастап алып жүрді.

Сенаторды Мақтаарал ауданының әкімі С.Тұрбеков өз кабинетінде қабылдап, мейманмен ішінара француз тілінде сөйлесті. Екеуара әңгіме барысында ауылшаруашылық жағдайы, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп өтті. Аудан басшысы оған “Елбасы сыныптастары” деген кітапты сый ретінде табыс етті. қадірлі мейман бұл сыйды ыстық ықыласымен қабылдап, аудан әкіміне өз ризашылығын білдірді.

Бұдан кейін Мырзашөл өңірінде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген “Сырдария” университетіне арнайы келді.

Сенатор университеттің оқу корпустарын, кітапхана, Студенттер үйі, спорт кешендерімен ғылыми-зерттеу орталықтарын мұражайын аралап көрді. әсіресе, мұражайды жан-жақты тамашалады. үтіртөбеден табылған көне жәдігерлерді өте қызықтап көрді. өз тарапынан сауалдар беріп, жауаптар алды.
Университеттің ғылыми зерттеу орталығы сенатор мырзаға ерекше әсер етті.
Заманауи талаптарға жауап беретін қондырғыларды жастарға білім
беруге пайдаланып жатқан профессор-оқытушылардың еңбектерін жоғары бағалады.

Қадірлі мейман Студенттер үйінің тазалығына бөлмелердегі реттілік пен асқанадағы жинақылыққа риза болды.
Ол: “Мұнда студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған” - деп өз бағасын берді.

Сонымен бірге, сенатор “Қазақстан” студенттер сарайында
“Сырдария” университетінің профессор-оқытушылармен және студенттер қауымымен кездесу өткізді.

Қазақстан-Франция байланысына елеулі үлес қосып жүрген Эмери де Монтескью мырза қазақ елінің әлеуметтік экономикалық дамуына оң баға беріп, оның болашағына үлкен сеніммен қарайтындығын өз сөзінде атап өтті.
Сондай-ақ, екі елдің жоғары білім беру орындары арасында ғылыми байланыстар мен ғылыми ізденістердің нығайюына ерекше назар аударатындығын да тоқталды. қазақстанның шығыс пен еуропа арасындағы алтын көпір екендігіне де өз сөзінде айрықша сипаттама жасады.

Сенатор профессор-оқытушылармен студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Студенттер өздерінің сұрақтарын француз тілінде қойды. Франциялық қонақ жастардың бұл қабілетін аса құрметпен қабылдады.

Сауалдар өмірдің әртүрлі бағыттарында айтылып оған қанағаттанарлық жауаптар алынып жатты.

Университеттің ұлағатты ұстазы, экономикалық ғылымдарының докторы, профессор Б.Серіков қазақтың белгілі әншісі әміре қашаубаевтың Парижде ән салғанын, әлемге танымал демократ, қазақтың бір туар азаматы Мустафа Шоқайдың шамалы уақыт Францияда ғұмыр кешкенін айта келіп екі ел арасындағы қарым-қатынасты бүгінгі күнмен байланыстырып бұл кездесудің әсерлі әрі аса пайдалы болғандығын атап өтті.

Өзі үшін жайылған арнайы дастарханнан дәмді тағамдар татқан мейман Шардара ауданына қарай өз сапарын одан әрі жалғастырды.

Галерея (72 сурет)

Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым!
Француз елінің сенаторы Мақтааралда болды
Ұлы Жеңіске тағзым
Жас келсе, іске!
1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні
Махаббат оты сөнбесін
Ұлыстың ұлы күні
Тәуелсіздік және қазақ қыздары
«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс
«Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат турнирі
«Сырдария» аруы – 2012» байқауы
Жеңістің – 67 жылдығына орай
15 сәуір - қазақтың махаббат мерекесі
29.03.2012 ж. қонақтармен кездесуі
25-27 наурыз, Психологтардың тренингі
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ
23.02.2012 жылы “Кітапхана, студент және ұстаз” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізілді
«Есірткіге есің кетпесін» акция
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
Оқытушылар арасында «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Ақтық сын «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысы
Магистрант арасындағы «Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
«Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс
Мұқағали Мақатаев 81 жаста
«Екі жұлдыз» байқауы
Сайлауалды кездесу
Семинар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Сайлаудың қорытындысын талдау
«Дамудың сенімді кепілі - жастар» атты дебат турнирі



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу